Қазақстандық байкер әлемдік саяхатқа шығады

Қазақстандық байкер әлемдік саяхатқа шығады

Байкер Дмирий Петрухин EXPO-2017-ге қолдау көрсету мақсатымен әлемнің 35 елін айналып шығады. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отанымның туы мен мотоциклым аяқ баспаған жерлерге барғалы отырмын. Ең алдымен Кариб бассейні маңындағы елдерге сапар шегеміз. EXPO-2017 жәрмеңкесі өткізу құқығын беретін конкурста Бельгия мен Қазақстан қалды. Халықаралық жәрмеңке бюросына 160 ел кіретінін білесіздер. Бізге әрбір дауыс маңызды", - деді Петрухин баспасөз мәслихатында.

EXPO-2017. Қазақстанның ірі мүмкіндіктері. (Жарнамалық ролик)

Саяхатшының айтуынша, сапардың алғашқы бөлігі үшін Кариб бассейнінің таңдалуы тегін емес. "Осы аймақта финалдық дауыс беруге қатты әсер ете алатын 18 мемлекет орналасқан. Кубадан бастаймыз. Содан соң бүкіл Кариб бассейні арқылы Оңтүстік Американың солтүстігіне шығамыз. Бұл Гайяана. Одан әрі Бразилияға... Жоба екі айға есептелген. Қарашаның аяғына дейін үлгереміз деп ойлаймын", - деп таңдалған маршрут туралы әңгімелеп берді байкер.

Қазақстан географиялық қоғамының президентінің айтуынша, комиссия жеңімпазды анықтағаннан кейін дүниежүзілік саяхат міндетті түрде жалғасады. Петрухин, сонымен қатар, еліміздің көшбасшылықты қанжығасына байлайтындығына нық сенімді екендігін айтты. "Біз жеңіске жеткеннен кейін EXPO-2017 жәрмеңесіне қолдау көрсету жобасы жалғасатын болады. Жеңуге болады. Бірақ біздің басты мақсатымыз шет ел азаматтарын Қазақстанға келуге итермелеу. Біз жақсылап дайындалып жатырмыз", - деді мотоциклші.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: vk.com