Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Бүгін – халықаралық туризм күні

Бүгін – халықаралық туризм күні

 Бүгін – халықаралық туризм күні

Бұл күннің мақсаты – әр елдегі халықтармен байланыс орнату арқылы туризм саласының әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызын арттыру.

Қазақстанда туризм секторы мемлекеттің бірден-бір экономикалық басымдылығы болып табылады. Елімізде туризмді дамытудың негізгі мақсаты қазіргі заманғы жоғары нәтижелі және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, сол арқылы туризм саласын экономиканың бір секторы ретінде әлемдік маңызын арттыру және халықаралық туристік орталықтардан кейін қалып қоймай, ары қарай дамыту.

Қазақстан туризм күнін 1993 жылдан бері тойлап келеді. Сол жылы еліміз Халықаралық Туризм Агенттігінің құрамына кірген болатын. Осы жыл аралығында еліміз туризм саласында көшін түзеп үлгерді. Мемлекеттік даму стратегиясын жақсы жүргізгені үшін Қазақстан осы ұйымның алдыңғы қатарлы озық елдерінің қатарына кіріп Халықаралық Туризм Агенттігінің Басқарушы Кеңесіне дейін жетті.

Көлсай

Қазақстанда туризм саласын дамытуға өте көп мүмкіндік бар. Өйткені сырт жақтан елеңдеп отырған туристер біздің елге келуге құмар. Біздің жас мемлекетіміз отандық туризмнің жүгін арқалап, соңғы он жыл ішінде нәтижелі жемісін көріп келеді. Көптеген демалыс орындары мен туристік кешендердің күн санап көптеп бой көтеріп келе жатқаны тағы бар.

Кең байтақ қазақ жерінің тамылжыған табиғатының «бағына» біткен байлығы барда туризм саласы кенже қалмақ емес. Осы салаға қатысы бар барша мамандар мен бүкіл қазақстандықтарды халықаралық туризм күнімен құттықтаймыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: sungate.kz, tripadvisor.ru

4799 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2012, 14:10
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2012, 13:58

Ех, Бурабай!

+0
27 қыркүйек 2012, 14:05

Қазақстан бойынша тур жасағым келеді

+0
27 қыркүйек 2012, 15:11

менің туған жерім - нағыз туризм орталығы!!!)))

+0
27 қыркүйек 2012, 20:55

Осынау өз топырағыңда жүріп, алты Алаш ту тіккен Көкшетауға бір бармағандарды мен "қай елде болдым" десе де Саяхат жасаған адам есептемеймін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...