Мәсімов Президент әкімшілігінің басшылығына келді

Мәсімов Президент әкімшілігінің басшылығына келді

Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы Президент Әкімшілігінің Жетекшісі болып тағайындалсын", - делінген Ақорда сайтына жарияланған Президент қаулысында.

Ел басшысы осы орайда Президент Әкімшілігінің жетекші құрамымен жиналыс өткізді. "Нұрсұлтан Назарбаев Аслан Мусинге еткен еңбегі үшін алғыс айта отырып, Президент Әкімшілігінің жаңа басшысын - Кәрім Мәсімовты таныстырды", - деп хабар таратты баспасөз қызметі.

Ел басшысы, сонымен қатар, Президент Әкімшілігінң алдына жаңа міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетелік, өткен аптаның соңында Қазақстан Президенті Әкімшілік басшысы Аслан Мусинді қызметінен босатып, Есеп комитетінің басшылығына тағайындады.

Есеп комитетін бұған дейін басқарған Омархан Өксікбаев пен Президент істері басқармасының экс-басшысы Серік Үмбетов "Нұр Отан" партиясының атынан депутаттық мандатқа (мәжіліс) ие болды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: pm.kz