"Қазақстан барысы" додасы басталды

"Қазақстан барысы" додасы басталды

Бүгін Астана қаласында «Қазақстан барысы» атты республикалық турнирдің ашылуы өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт додасына қатысуға ниет білдірген палуандарымыз жеребе тастау салтанатын сәтті өткізіп, ең үздік деген атақ үшін таласты бастап та кетті.

Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев турнирдің өте қызықты өтетіндігіне сөз берді.

Президент өз сөзінде: «Өткізіліп отырған шараның қазақ күресін дамытудағы рөлі ерекше. Дәл қазір алпысқа жуық мемлекет интернет арқылы күрес ойындарын тамашалайтын болады. Бұл біздің ұлттық спорт түріне деген үлкен жарнама. Біздер күресті дамытудаға жобаларды 2004 жылдардан бері үзбей жүргізіп келеміз. Былтырғы жылдан бері жастарымыз үздіксіз телефон шалып, бұрынғыдай дзюдо туралы емес, қазақ күресі туралы сұрай бастады. Биылғы жылдың жеңімпазы 150 мың доллар мен автокөлікті иемденетін болады. Тіпті, сегізінші орын алған палуандарға да сыйлығымыз дайын. Президент бола  тұра кімнің жеңімпаз болатындығын білмей тұрмын. Кім күшті, сол жеңімпаз атанады деп ойлаймын»-деп ағынан жарылды.

Ұлттық спортымыздың дамуына үлестерін қосып жүрген палуандарымызға тек сәттілік тілейміз!

Сурет: Vesti.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева