Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Kaspi banк-тің жаңа кеңсесі ашылды

Kaspi banк-тің жаңа кеңсесі ашылды

Kaspi banк-тің жаңа кеңсесі ашылды

Еліміздің жетекші банктерінің бір Kaspi banк өз құндылықтарының, дәстүрлері мен болашақ жоспарларының көрінісі болған жаңа бас кеңсенің тұсаукесерін өткізді. 

Тұсаукесер рәсімін бастан-аяқ жүргізген банк басшысы Михаил Ломтадзе өз сөзінде: «Kaspi bank – бұл жай ғана комапания немесе кәдімгі банк емес, біз клиенттеріміз үшін әрдайым қызықты өнімдер жасауға мүмкіндіктер іздейтін және біздің бәсекелестерімізге қарағанда оларды жақсырақ жасайтын командамыз. Біз әрдайым өзгеріп отырамыз, жақсара түсеміз, жаңа идеяларды ойлап тауып, іске асырамыз. Біздің жаңа кеңсеміз біздің тәсілімізді, дамуға деген ұмтылысымызды көрсетеді», - деп айтып өтті.

Оның айтуынша, жобаны жасаған кезде түрлі әлемдік компаниялардың көптеген үлгілері қаралған. Яндекс, Google, Facebook және Apple сияқты танымал компаниялардың кеңселері Kaspi bank-іне керемет кеңсені жасауға шабыт берген.

Жаңа кеңсе 12000 шаршы метрді және 7 қабатты құрайды. Құрылысты салған кезде 12 000 шаршы метр әйнек пен 100 шақырым кабель жұмсалған. Кабельдің мұндай көлемімен Ла-Манш арқылы Англия мен Францияны екі мәрте қосуға болатын көрінеді.

Ғимаратта қызметкерлердің бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ашық жұмыс кеңістігі мен келіссөздер жүргізетін бөлмелер өте көп.

Қабырғаның орнына әйнектер пайдаланылған. Әр қабатта бір шыны кофе ішіп, бейресми кездесулер өткізілетін Kaspi кафе, әйгілі адамдардың афоризмдерін немесе туған күнге тілектер жазуға болатын Kaspi қабырғалар, сондай-ақ кез келген уақытта сөйесуге мүмкіндік берілетін «Kaspi алло» атты сөйлесу кабиналары ұйымдастырылған.

Банктің келесі бір керемет жаңалығы –  интернет бөлімшесін қоса отырып, "Тегін» төлемдер" атты қызметті ұсынуы. Банктің клиенттері kaspi.kz сайтындағы «Тегін төлемдердің» арқасында комиссиясыз әрі кезекте тұрмай-ақ ұялы телефонның балансын толтырып, коммуналдық қызмет ақысы мен басқа да төлемдерді үйінен немесе кеңседен шықпай, тіпті ұялы телефоны арқылы жылдам әрі оңай төлей алады.

Kaspi bank – Қазақстандағы сенбі-жексенбі күндері де жұмыс жасайтын жалғыз банк болып табылады. Михаил Ломтадзе 9999 нөмірі күндіз-түні тегін қызмет көрсететіндігін бірнеше рет айтып өтті.

Тұсаукесер соңында банк қызметкерлері қонақтарға кеңсе ішіне шағын саяхат жасатып, дәмді тағамдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет автордікі

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 17 қыркүйек 2012, 13:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.