Алматым, неткен сұлу сәулетің!

Алматым, неткен сұлу сәулетің!

Әсем қаламыздың көрікті орындарына саяхат жасауды жалғастырамыз.

Алматыдағы Кафедральды шіркеу – Қазақстандағы ең үлкен, ал ағаш құрылыстан әлемде биіктігі бойынша екінші орында(бірінші – Голландиядағы ағаш сағат)тұрған ғимарат. Ол 1907 жылы құрылысшы-инженер А.П.Зенков қатысуымен ағаштан салынған.

2004 жылы ЮНЕСКО  Алматы қаласындағы Әулие-Вознесенский шіркеуі ерекше ғимарат болып табылатындығын және оны қайта қалпына келтіру туралы жобасын халық шығармашылығының атауға тұрарлықтай үлгісі екендігін жариялады.

Қазақстандағы ең үлкен оқушылар сарайы – Алматы қаласындағы республикалық Оқушылар сарайы 1983 жылы салынған. Ғимарат бір мезгілде 2200 оқушы қабылдауға есептелген. 800 орындық көрермен залы, түрлі үйірмелер, спорт залдары, жүзу бассейні, обсерватория бар.

Ал мына көрікті ғимарат – небір ғашық жандардың некелерін қиып, ақ батасын беріп жастарды жаңа өмірге аттандырады.

Бір кездері еліміздің ең биік ғимараты ретінде танымал болған 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі 1978 жылы салынған. Қонақ үй қазір де өз жұмысын жалғастыруда.

Ал танымал бесжұлдызды «Интерконтиненталь» қонақ үйі кейіннен салынған зәулім ғимарат.

Қаладағы келесі бір елеулі ғимаратпен таныс болу үшін Шыңғыс Айтматовтың өзіңізге танымал романындағы жолдар еске түсіріп алыңыз. Дәл сол романдағыдай, шығыстан батысқа, батыстан шығысқа поездарды жіберіп отыратын қаламызда екі үлкен теміржол вокзалдары жұмыс істейді.

Ал Тимирязев-Әуезов көшелерінде орналасқан «Атакент» - қазақстандық іскерлік қарым-қатынас орталығы.

Ал егер, отбасыңыз бен немесе достарыңызбен көңіл көтергіңіз келсе, қазақ театрының қарашаңырағы М. Әуезов және Ғ.Мүсірепов, Абай, Қ.Қожамияров атындағы театрларда өтетін керемет қойылымдарды тамашалап, рухани байып қайтуыңызға әбден болады.

Немесе кеше ғана жөндеу жұмыстары аяқталған Республика сарайында өтетін әсерлі кештерге барып, әуезді әндермен құлағыңыздың құрышын қандырыңыз. Сондай-ақ, қаламыздағы көненің көзі саналатын мұражайларды аралап шығыңыз.

Күні кеше ашылған Метроға да ат басын бұруды ұмытпаңыз.

Алматыда әлемдегі ең үлкен биші субұрқақтардың бірі орналасқан Президент саябағы, Панфилов атындағы, Горькиий атындағы және «Фэмили» атты отбасылар саябағыЦирк сарайы, Қуыршақтар театры, Қиял әлемі ойын-сауықтыру кешені жұмыс істейді.

Ал бұған дейін өздеріңізге таныстырылып өткен Алматының төлқұжаты саналатын «Көктөбе», «Шымбұлақ», «Медеу» сынды демалыс орындары қала қонақтарын қарсы алуға әрқашан дайын.

Суреттер: dostoprim.almaty.kz,otvet.mail.ru,news.nur.kz,news.ivest.kz,subaur.wordpress.com,visitkazakhstan.kz,myfoto.kz

dostoprim.almaty.kz,blogs.namba.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева