Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алакөл ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар желісіне енуі мүмкін

Алакөл ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар желісіне енуі мүмкін

Алакөл ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар желісіне енуі мүмкін

Қазақстан Алакөлді ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының құрамына кіргізуді жоспарлап отыр.  Бұл туралы ҚазТАГ ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының басшысы Сергей Лазаревке сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Қазіргі кезде Қазақстандағы "Адам және биосфера" комитеті осы мәселеге байланысты құжат дайындап қойды. Бұл қағаздар қыркүйек айының ішінде Парижге жіберіледі. Содан кейін Алакөлдің бұл тізімге кіруге лайық не лайықсыздығы анықталып, шешім шығарылады. Нақты жауап келесі жылдың жазына дейін айтылады", - деді Лазарев TURKSOY мүшелерінің ЮНЕСКО ісі комитеті мен ұлттық комиссиясының III отырысында. Отырыс бүгін, яғни, 13 қыркүйекте Алматы қаласында өтті.

Бюро басшысының ойынша, Алакөл биосфералық резерват тізіміне енуге әбден лайық.

Отырыс аясында, сонымен қатар, Қорғалжын қорығына биосфералық резерват статусын беру рәсімі өтті.  Айта кетелік, бұл шешім 2012 жылдың 11 шілдесінде ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының халықаралық координациялық кеңесінің мақұлдауымен қабылданды.

Мәжіліске TURKSOY құрамына кіретін 14 мемлекет пен автономиялық аймақтардың, Ресейдің, ЮНЕСКО-ның аймақтық офистерінің өкілдері қатысты. Жиылғандар түркі әлемінің мәдени, табиғи объектілерін сақтау және қорғау туралы сұхбаттасты.

Айта кетелік, Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісі (World Network of Biosphere Reserves) ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының аясында ашылды. Жоба мақсаты жер бетіндегі қорғауға мұқтаж табиғи мұралардың қалыпты дамуына жағдай жасау.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: taukomek.kz

3576 1
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 13 қыркүйек 2012, 17:07
Пікірлер
+0
14 қыркүйек 2012, 09:04

Алакөлге бару керек еді, пайдалы дейддд

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...