Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Тарих беттеріндегі Алматы

Тарих беттеріндегі Алматы

Тарих беттеріндегі Алматы

Адам баласы небір ғажайыптарды қолмен тұрғызып, өрнектеп, безендіріп, сәндендіріп, ақылға сыймастай етіп жасап, келешекке мұра етіп қалдырған. Бұл жолы да дәл солай болды. Олар тылсым тыныштық құшағында мүлгіген елсіз тау бөктерін жасыл желек мекенге айналдырды. Бүгінде ұшар басы мәңгілік қар жамылып, беткейіне жасыл түкті кілем төселген тау етегінде талайлардың сүйіктісіне айналған әсем қала жатыр. Ол – Алматы. Ол - сұм соғыс пен төңкерістің, бейбітшілік пен өркендеудің, аңыз махаббат пен ұлы достықтардың, зұлымдар мен игі жақсылардың, небір ғаламат ғашықтардың көз жастарының куәгері болған аңыз қала Алматы.

Тарихы тереңнен бастау алатын Алматы өткен ғасырдың соңғы он жылында айтарлықтай өзгерді, өркендеді. Жаңалық атаулыны жылдам қабылдайтын қала сәулет өнерінің ерекше үлгілері мен нақыштарын бойына сіңіре білді. Жыл өткен сайын Алматымыз қарыштап қадам басып құлашын кеңге жайып келеді.

Алматының бүгінін айтып қашанда үлгереміз, сондықтан да бүгін «өткенді айтпай болашақ жоқ» деген аталы сөзді ескере отырып, Алматы ізін қалдырған тарих беттерін парақтап өткенді жөн көріп отырмыз.

Табиғаты бай, ауа-райы жайлы болғандықтан, қазіргі Алматыны адамдар ерте заманнан бері мекен еткен. Мұнда б.з.б VII-III ғасырларда Сақ тайпалары қоныстанған деседі. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныс орындары қалған. Олардың арасында ең ерекшеленетіні - «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, шамдар, құрбандық шалатын орындар, қазандар т.б.

Сақтардан кейін саяси билікті қолына алған Үйсіндер де Алматы аумағын  б.з.б ІІІ ғ – б.з. ІІІ ғасырларын мекен етіп келген. Қазір біз білетін «Таулы қырат» орналасқан аймақтан үйсіндердің байырғы қонысы табылды.

Қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерден керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған. 

Ал Түрік қағанаты дәуірінде (VI-VIII ғ.) Алматы аймағында тұрақты мекендер көбейіп, олардың біразы әр түрлі қолөнер кәсібі мол саудалы қалаларға айнала бастайды. Орта ғасырларда қала қазіргі атауымен белгілі болған.

Х-ХІV ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған XIII ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхемде алғаш рет қала аты аталған. 1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.

Жалғасы бар...

Суреттер:dailynews.kz,topkupon.kz,dknews.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

12062 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 қыркүйек 2012, 12:34
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...