Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / «Алматы аруы – 2012» анықталды

«Алматы аруы – 2012» анықталды

«Алматы аруы – 2012» анықталды

Алматы қаласында қала аруы анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі «Қазақстан аруы» байқауының атқарушы директоры Совет Сеитовке сілтеме  жасай отырып.

«Алматы ару – 2012» тәжіне  «Тұран» университетінің студенті 18 жасар Фарида Малик ие болды.

«Табиғи болмысы ерекше Фариданың әкесі – үндіс, шешесі – қазақ. Ол бимен айналысады екен. Барлық қасиетімен әділқазы алқаларының біразының көңілінен шықты», - дейді Сеитов.

Ал Алматы қаласының вице-аруы атағын 22 жасар ҚМЭБИ-дің студенті Айгерім Үзембаева алып, екінші орынға жайғасқан. «Біздің биылғы байқауымызда екінші вице-арудың екеуі анықталды. Біріншісі -  UIB студенті Ксения Казакова. Ол 21 жаста. Ал екіншісі -  Карина Жетесова. Ол да 21 жаста», - деп түсіндірді сұлулық байқауының өкілі.

«Алғашқы байқау спорт түрінде өтті. Оны біз өзіміз ойластырдық. Бұл сынақты біз отызыншы олимпиада ойындарында толағай жеңістермен қоржынымызды толтырған  жеңімпаздарға арнадық. Әрбір қатысушы өзіне қолайлы спорт түрін таңдады да, All Давайдың "Алға, Қазақстан" әнімен бақ сынасты», - дейді Сеитов.  Одан соң ару қыздар қазақстандық сәнгер Михаил Кравецтің жаңа жинағындағы костюмдерін киіп шығып, өнер көрсетті. Ал үшінші кезеңде олар әділқазылар алқасы мен көрермен алдына Jado сән үйі дайындаған ұлттық көйлектермен шықты.

Онымен қоса, қыздар биылғы байқауда суға түсетін киімдермен жамылғысыз сән көрсетті. Бұл сын байқауда бұрын-соңды болмаған еді.

Байқауда «Көрермен көзайымына айналғаны үшін» Ақерке Задауалы марапатталды. «Ол өзіне отыз пайыздық көрсеткішпен дауыс жинады. Ақерке – өте әдемі және ақылды ару. Ол тіпті байқауға қатысып жүргенде, Францияға магистратураға түсу үшін емтихан тапсырып жүрді», - деп «Қазақ аруы» байқауының атқарушы директоры ырзашылығын білдіреді.

«Алматы аруы – 2012» байқауының ақтық мәресіне 17 жастан 25 жасқа дейінгі 22 сұлу қатысты. Қорытынды байқау Көктөбеде өтті. Кіру тегін болған шараны тамашалау үшін 1700 шамасында халық жиналған.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет Фарида Маликтың vk.com-дағы жеке парақшасынан алынды


2021 10
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2012, 13:51
Пікірлер
+0
12 қыркүйек 2012, 14:22

Мдаа...

+0
12 қыркүйек 2012, 14:57

Алып бара жатқан әдемілік көріп тұрған жоқпын :roll:

+0
12 қыркүйек 2012, 15:03

Осы массагетте бір Гүлзат деген әдемі қыз бар еді ғой, 15 сәуірде суреттерде болған, мынадан 1000 есе әдемі, сондай қыздар неге қатыспайды

+0
12 қыркүйек 2012, 15:16

Айтпаңыз, Сәния, 90-60-90-ға сай ма, жоқ па, ол жағын білмеймін, бірақ мысалы мына қыздың мұрны қазақтың мұрны ма? Қазақта қыз емес, "ат ерінді, ер мұрынды" келмеуші ма еді? Жалпы түсініксіз шешімдері :roll:

+0
12 қыркүйек 2012, 15:09

Шешесі қазақ, әкесі үндіс деп естігенмін

+0
12 қыркүйек 2012, 15:30

Евгения Клишина да бұған қарағанда мың есе әдемі

+0
12 қыркүйек 2012, 15:49

"Массагет Аруы" байқауы өтсе екен... Жігіттер жағы әділқазы, тұрақты қолданушылардың берген бағасына қарай Ару анықталса екен дим да))

+0
12 қыркүйек 2012, 15:51

Ондай байқаудың басын Жанат Ахметов бастаған-ды. Бірақ, сол күйі өшті де қалды

+0
12 қыркүйек 2012, 16:20

бастау керек, қолға алайықшы. Біршама үлес қосам))

+0
14 қыркүйек 2012, 19:15

Адам ретінде сүйкімді-ақ, бірақ сайысқа қатысушы ретінде олай айта алмаймын, ереже қайда, шарт қайда? Мен мұндай қыздың біздің қаламыздың, еліміздің атынан алып ареналарға шыққанын қаламас едім,,,

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...