«Алматы – оқырман қала» акциясы өтеді

«Алматы – оқырман қала» акциясы өтеді
Фото: liter.kz

17 қыркүйек күні «Мега» ойын-сауық орталығының алаңында (Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев к.қиылысы) Алматы қаласы күніне орай «Алматы – оқырман қала» атты акциясы өтеді. Мерекелік шараны Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ұйымдастырып отыр.

Астана уақытымен сағат 14:30-да басталатын іс-шараға балалардың шығармашылық топтары, қалалық конкурстардың лауреаттары мен жас ақындар қатысады.

«Кітап патшалығына шақыру», «Сыйлық ал» сияқты т.б. түрлі, қызықты конкурстар, шахмат турнирі, сұрақ-жауап ойындары өткізіледі. Сонымен қатар, «Әдеби қонақ үйде» сүйікті ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырылады. «Алматы  менің сүйікті қалам!» атты асфальтқа сурет салудан жарыс өтеді. Сондай-ақ, Алматы баспалары  кітаптарының жәрмеңкесі болады.

Акция аясында  ғылымға қызығушыларға, полиглоттарға арналған шеберлік сағаттары өткізіледі.  

«Таң қаламын келбетіңе Ару қалам, Алматы!» атты жас суретшілердің конкурсы, «Алматы – ән – жыр - тарих», «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Тәуелсіздік шежіресі», «Сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмелері қойылып, жасөспірімдер мен балаларға арналған «Ақ желкен», «Үркер», «Балдырған», «Ұлан», «Мөлдір бұлақ» атты басылымдардың да көрмесі ұйымдастырылады.

Өткізілгелі отырған мақсаты айқын шараның құрметті қонағы болыңыздар!!!

Ө. Сансызбай