«Белгісіз Алма-Ата» фотокөрмесі өтеді

«Белгісіз Алма-Ата» фотокөрмесі өтеді
Фото: Yernar Almabek

15 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай «Белгісіз Алма-Ата» фотокөрмесі басталады. Фотокөрме 28 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қала тұрғындары мен қонақтары Алатау бөктеріндегі алып қаланың 1887-1963 жылдар аралығындағы тынысымен фотосуреттер арқылы таныса алады. Қала тарихындағы ең алғашқы суреттер мен әр жылдағы почта маркаларындағы фотолар жұртшылық назарына ұсынылады. Сондай-ақ, қаланың осы уақытқа дейін белгісіз, жарияланбаған суреттері де көрмеге қойылады. Cуреттерді жинауға танымал коллекционер Азат Әкімбеков мұрындық болған.

Бұл іс-шараны Алматы қаласы әкімдігі мен «Global» құрылыс компаниясы ұйымдастырып отыр. Көрме Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында өтеді.

О. Сансызбай