Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / "Мәскеу" және "Сайран" станциялары 2013 жылы салынып бітеді

"Мәскеу" және "Сайран" станциялары 2013 жылы салынып бітеді

Алматы метросының "Мәскеу" және "Сайран" станцияларының құрылысы 2013 жылдың желтоқсанында аяқталады. Осы орайда қала әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Алматыметроқұрылыс" АҚ директоры Мұрат Үкшебаевтың айтуынша, құрылыстың туннельдік бөлігі жоспар бойынша жүргізіліп келе жатыр. Ал "Сайран" станциясы салынады деп жоспарланып отырған аймақта бөгде ғимараттарды сатып алу және бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетелік, Абай және Тілендиев көшелерінің қиылысында орналасатын станция 2012 жылдың желтоқсанында салына бастайды.

Ал Абай және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орналасатын "Мәскеу" станциясының орнында қазіргі кезде су құбырлары, канализация, телекоммуникация кабельдері желілерін ығыстыру жұмыстары жүріп жатыр. "Құрылыс келесі айда басталып, бір жылдан соң аяқталады", - деді әкімшілік өкілдері.

Қала басшысы, сонымен қатар, құрылыс компаниясына келісілген кесте бойынша жұмыс істеп, станцияларды эксплуатацияға уақытында беруге қатты назар аудару керектігін баса айтты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kursiv.kz

1282 3
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 31 тамыз 2012, 18:09
Пікірлер
+0
31 тамыз 2012, 19:56

Дұрыс бопты!)

+0
31 тамыз 2012, 22:48

Мәскеуде Алматы деген бекет бар ма екен? :?

+0
01 қыркүйек 2012, 08:20

1 жыл мына жерде тұр ғой, метроның қызығын көрсек болды )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...