ФОТО: Алматы шаңды дауылдың астында тұр

ФОТО: Алматы шаңды дауылдың астында тұр

Алматыда шаңды дауыл тұрды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып. Желдің екпіндеуі мен құрғақ ауа-райының себебінен шаң көкке көтеріліп, қаланы басып тұр. Айнала қалың шаңның әсерінен анық көрінбейді.

Синоптиктердің айтуынша, бұл ауа-райы кешке дейін жалғасады. "Кешке таман өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды деп күтіліп отыр. Жаңбыр жауса ғана көтерілген шаң басылады. Ал қазір биіктікте желдің екпіні қатты, сол себепті ауаның циркуляциясы орын алып, төмендегі массалар жоғары көтеріліп жатыр", - деді гидрометцентр мамандары.

ва

Алматы қаласы, 28.08.2012

Синоптиктер, сонымен қатар, шаңды дауылдың жазғы мезгіл үшін қалыпты жағдай екендігін айтты. "Бұл қалыпты жағдай. Әдетте құрғақ ауа райы кезінде жауынның алдында осылай жел тұрады", - дегенді де қоса айтты орталық қызметкерлері.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Ван-Шу-Ли©, Дмитрий Хегай©