Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Марқакөл - Табиғат-Ананың сыйы

Марқакөл - Табиғат-Ананың сыйы

Марқакөл - Табиғат-Ананың сыйы

Марқакөл – ұшса қыран қанаты талатын қазақ даласының шығысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.

Өзен атауын түсіндіру үшін жергілікті халықтың аузында айтылатын көркем аңызға құлақ түріңіз.

Ерте, ерте, ертеде шегі мен шеті жоқ ұлан-ғайыр далада қарапайым қойшы күнделікті әдетімен қой бағып жүреді. Бірде шөлдеген марқа қозы су іздеп, өз отарынан бөлініп кетеді. Ұзақ жол жүрген қозы жердің тесігін тауып алады да, су бар деген үмітпен еңкейе бергенде, аяғы тайып кетеді. Жүгіріп жеткен қойшы қозыны құтқармақ болып тартып ала бергенде, сол тесіктен су атқылап сала береді. Атқылаған су жер бетін жайпап, осындай әдемі өзен пайда болған екен.

Аңыз осылай сыр шерткенімен, геолог мамандарымыз мұнымен келіспейді. Олардың тұжырымы бойынша, өзеннің жасы мал өсірушілерден әлдеқайда үлкенірек, оның пайда болу кезеңі – мұз дәуірімен тұспа-тұс келеді.

Кейде Марқакөлді «Жүз өзен» деп атап жатады. Көлге 100-ге жуық шағын өзен мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал т.б.

Марқакөл алғаш рет орыс саяхатшыларының арқасында ХІХ ғасырда ғана хатқа түседі. Тау бөктерінде орналасқандықтан, Марқакөлге жету тіпті ХХ ғасырдың өзінде қиындық тудырып жатты. Оның үстіне көлдің климаты адам үшін өте ыңғайсыз болып келеді.

Марқакөлге арнап түсірілген, Иннокентий Смоктуновский дыбыстаған «Озеро студеное, ласковое» атты деректі фильм көлдің танылуына үлкен әсерін тигізді.

Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қара балық, теңге балық сынды балықтарға бай. Мұнда зоопланктонның 60 түрі кездессе, құстың ондаған түрі мекендейді. Табиғат-Ананың байлығын сақтап, қорғау мақсатында Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.

Суреттер:nature.1001chudo.ru   

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

11203 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 23 тамыз 2012, 09:11
Пікірлер
+0
23 тамыз 2012, 15:42

тек кана көл...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...