Алматының "бай" көшесі

Алматының "бай" көшесі
Фото: Күлтегін Аспанұлы

Алматы қаласының Абай көшесімен қиылысатын кішкентай көше бар. Ол – Мұқан Төлебаев атында. Мұқан Төлебаев – бірінші болып кантата, симфониялық поэма жазған композитор. Өмірінің соңғы жылдарында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын бастаған, бірақ кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалған. Оның есімі берілген көшені еліміздің белгілі тұлғалары мекен еткен. Сол себепті Алматы тарихында естелікке бай көше атанады.

Бұл – Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай-үйі. Толық ақпаратты осы сілтеме арқылы біле аласыздар.

Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаева – әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор

Сәбит Мұқанұлы – қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі

Сызғанов Александр Николаевич – хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Алматыдағы Ұлттық хирургия орталығы  осы дәрігердің атында. 

Мәлік Ғабдуллин – қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, профессор, Кеңес Одағының Батыры

Өмірзақова Әмина Ерғожақызы – театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі. Театр анасына айналған актрисаның дүниеден өткеніне биыл он жыл

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Жолдаған: Күлтегін Аспанұлы

Г. Берік