...Жайсаң әлем, Жауһар аспан, Жасыл маң

...Жайсаң әлем, Жауһар аспан, Жасыл маң
Фото: Автордан

Қар еріп, жер бусанып, құс келіп, мал төлдеп, дүние азан-қазан болып, көшет жайғап, гүл ашылып, жер Ана түрлеп, кәрі-жас шаттыққа кенелген, күллі жаратылыстың жүрегі махаббатқа толған, малдың төліне, кісінің өмірді сүюі артқан көктем. Адамға қуат беретін бұл көктем табиғатқа да жан бітіріп жатқандай. Айналаңызға бір сәт көз салыңыз!

«Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы». (Ғабит Мүсірепов)

Көктем көкке қарай өрлей көктеп барады! Жер бауырынан аспан құшағына қарай ұмтыла басын көтерген масатыдай көк кілем.

«Көктем – жаңа жоспарлар мен ұсыныстар сәті». (Л.Толстой)

«Көктем – жарық дүниедегі ең ерекше революция түрі». (Ф.Тютчев)

«Көктем, көктем, сүйіспеншіліктің оянар кезі». (А.Пушкин)

Жайсаң әлем, 
Жауһар аспан, 
Жасыл маң.
(
Есенғали Раушанов)

Көктем, 
Көктем! 
Мен сағынған ұлы өлең!
(Ұларбек Дәлейұлы)

Сағым қыздың ап қашып орамалын, 
Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
(
Мұқағали Мақатаев)

...Көгереді... 
Барлығы көгереді: 
Ой да, қыр да, даланың төбелері.
(Мұқағали Мақатаев)

Көктем келсе, менің де көкірегімнен, 
Жаңбырға ұқсап жаңа бір жыр саулайды
(Тұманбай Молдағалиев).

Жаз келіп, көктем жылжып жүре беред, 
Інідей орын берген ағасына.
(Қадыр Мырзалиев)

Қызыл, жасыл гүл қаптап қыр басына, 
Бар адамның бақ қонар дүр басына.
(Әлібек Шегебай)

Жолдаған: Күлтегін Аспанұлы

Г. Берік