Ақтауға аққулар ұшып келді

Ақтауға аққулар ұшып келді
Фото: tengrinews.kz

Ақтауға аққулар ұшып келді, - деп хабарлайды "Лада" басылымына сілтеме жасап tengrinews.kz сайты.

Аққулардың жыл сайын желтоқсан айында ұшып келетіні айтылады. Алайда осы жолы құстар бір айға кешікті. Тұрғындар бұған ауа райының ерекше жылылығы себеп болды дегенді айтады. 

"Аққулар әдетте Ақтауға желтоқсан айында суық болса да ұшып келетін. Биыл ауа райы ерекше жылы, олар сондықтан да кеш ұшып келген шығар. Аққулардың барған сайын азайып бара жатқанын байқап отырмыз. Ал шағалалар азаймады", - дейді Ақтау тұрғыны Нұрболат Әбілқайыров. 

Басылымның мәліметінше, қалалықтар жағалауға келіп, аққуларға тамақ беруді әдетке айналдырған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Ө. Сансызбай