Еліміздің 4 облысында қатты боран соғады деп күтілуде

Еліміздің 4 облысында қатты боран соғады деп күтілуде

Еліміздің төтенше жағдайлар комитеті Қазақстанның 4 бірдей өңірінде қатты боран болатынын хабарлап жатыр.

Бүгін Ақмола облысының кей аумағын қалың тұман торлап, желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге дейін жеткен, көктайғақ та бар. Ал Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Дәл осындай жағдай Батыс Қазақстанда да байқалады. Осыған байланысты мамандар алыс жолға шықпауды ескертеді.

Дереккөз

Ө. Сансызбай