4 тамызда елдің шығысында бұршақ жаууы мүмкін

4 тамызда елдің шығысында бұршақ жаууы мүмкін
Фото: depositphotos/massonforstock

Ертең, яғни, 4 тамыз күні елдің шығысының кейбір аймақтарында жаңбырлы ауа-райы сақталды. Ал елдің солтүстік бөлігінде қалың тұман орнауы мүмкін. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлады.

Республиканың батысы мен оңтүстігінде ашық, ыстық ауа-райы сақталады деп күтілуде. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кейбір аймақтарында түнде және таңертең қалың тұман орнайды. Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/c жылдамдықтағы жел тұруы мүмкін.

Екпінді жел Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысында да тұрады деп отыр синоптиктер. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. 

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қалың тұман орнауы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аймақтарында өрт шығу қаупі бар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!