Алматылықтар автобуста тегін жүрудің жолын тапты

Алматылықтар автобуста тегін жүрудің жолын тапты
Фото: massaget.kz/Болат Айтмолда

Алматыдағы автобуста жол жүру ақысының көтерілгеніне келіспеген бәзбіреулер қоғамдық көліктерде тегін жүрудің жолын тапты.

Белгісіз авторлар әлеуметтік желілерде: "Алматылықтар! Валидатормен жұмыс істейтін автобустан не троллейбустан шығып бара жатып, билетіңізді жаңа жолаушыға беріп кетіңіз. Бүгін біреуге көмектессең, ертең саған көмектеседі" деген жазуы бар баннерлерді таратып жатыр. Тотал.кз сайтының хабарлауынша, аталған хабарлама әлеуметтік желілерде үздіксіз "лайктар" жинауда.

ыв

28 жастағы Алматылық Роман Кузнецов осы орайда: "Соңғы рет автобусқа студент кезімде мінген екенмін. 2000 жылдары жол ақысы 25 теңге еді. Қазір қала ішінде тек велосипедпен немесе автомобиль арқылы жол жүремін. Сондықтан қоғамдық көлікпен жүріп-тұратындардардың халін түсіне бермеймін", - деді.

Ал блогшы Айжан Құлмұханбетова бұл туралы: "Бұл акция өз жемісін береді деп ойламаймын. Бұрындары ұйымдастырылып жүрген басқа да шаралар секілді сиырқұйымшақтанып барып ұмытылады деп ойлаймын. Студенттер болмаса, ересек, жұмыс істейтін адамдар бұған ермейді деп есептеймін", - деген пікір айтты.

Айжанның айтуынша, акцияны ұйымдастырып отырғандар да осы студенттер. Блогшы сонымен қатар қоғамдық көлікке соңғы бір айда мінбегенін айта келе, 80 теңгенің ауыртпашылығын толық сезіне алмағанын айтты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!