Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Көкшетауда "голливудтық" жазба пайда болды

Көкшетауда "голливудтық" жазба пайда болды

Көкшетауда

Жүз күй мен мың әнге арқау болған Көкшетаудың кетпендеп тауыса алмас бір төбесінде өзгеше жазу пайда болды. Дәл АҚШ-тағы Калифорния белесіндегі жазбадан аумайтын осы бір жазу көпшілікті қызықтыру үстінде...

Бұқпа шоқысындағы "Көкшетау" жазбасын ТОО «Дизайн Сити» орталығы жасап шығарған. Аталған жазбаның ені 67 метр, биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Және тарихи есімді жазу үшін металл мен полимерлік материалдар қолданылған. 

Осы бір жазбаның құны жасырын болып отыр. Бірақ, күні бойы көпшіліктің сүйіспеншілігіне айналып, түні бойы алуан түрлі жарықтар түсіріп тұратын "Көкшетау" жазбасының құны күн санап өсу үстінде.

Жергілікті әкімшілік дәл осындай жазудың бұрыннан бері болғанын қалап келген екен. Алайда, қаражат аздығы қол байлау болып келгендігін жасырмайды. Енді міне әлемнің түпкір-түкпірінен келген туристердің санасында "Көкшетау" жазуы мәңгіге тұрақтап қалатын болды. 

Айта кетсек, қазірдің өзінде көкшетаулықтар Калифорния дөңіндегі «Голливуд»  жазбасымен біршама ұқсастығын байқап, мақтанып-марқайып жүр. 

сурет: www.novate.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 24 шілде 2012, 19:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.