Ақорда әлемдік резиденциялар рейтингінде үздік үштікке енді

Ақорда әлемдік резиденциялар рейтингінде үздік үштікке енді
Фото: www.theestle.net

Президент резиденциясы – кез келген ел астанасының көркін ашатын ғимараттардың бірі. Көп жағдайда туристер мен ел азаматтары қызығатындай ерекше әрленіммен салынады. Theestle.net сайты осы тақырыпта сараптама жұмысын жүргізіп, әлемдегі ең тамаша Президент резиденцияларының үздік ондығын топтастырған. Астанадағы Ақорда да осы ондыққа еніп отыр.

1. White House

White House (Ақ Үй) – Колумбия округіндегі Вашингтонда орналасқан АҚШ Президентінің резиденциясы. 1799 жылы салынған елдің бас кеңсесінде тек бір президент қана отырмаған. Ол – генерал Джордж Вашингтон. Ақ Үй құрылысы аяқталған кезде АҚШ Президенті Джон Адамс болған. Ал 1814 жылы британиялықтар резиденцияны өртеп жібере жаздайды. Президенттің бас кеңсесі кейіннен қайта жөндеуден өтеді.

2. Vahdat

Vahdat – Душанбе қаласында орналасқан Тәжікстан Президентінің резиденциясы. Бұл ғимарат «Бірлік» сарайы деп те аталады.

3. Ақорда

Ақорда – Астана қаласында орналасқан Қазақстан Президентінің ресми жұмыс кеңсесі. Аталған бас резиденциясының құрылыс жұмыстары үш жылда аяқталып, 2004 жылы ресми түрде ашылған. Елбасы резиденциясы Есіл өзенінің сол жағалауында орыналасқан. Сарайдың биіктігі 80 метр, Президент әкімшілігінің де кеңсесі болып саналады.

4. Presidential Palace

Presidential Palace – Біріккен Араб Әмірлігі Президентінің резиденциясы. Зәулім резиденцияның қасында алыстан келген қонақтарға арналып салынған Emirates Palace қонақ үйі бар.

Біріккен Араб Әмірлігі Президентінің резиденциясын салуға жалпы 490 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалған. Оны Ewan Architectural&Engineering Consultancy сәулетшілері мен белгілі Consolidated Contractors құрылыс компаниясы салады. Сарапшылардың айтуынша, аталған Президент сарайы әлемдегі ең қымбат ғимарат болып саналады.

5. Прага қамалы

Прага қамалы – ІX ғасырда салынған қамалдар кешені. Бүгінгі таңда Чехия Республикасы Президентінің ресми жұмыс кеңсесі болып саналады. Қамал Қасиеттің Рим империясының императорлары мен Богемия корольдерінің билік ордасы болған. Кейіннен Чехословакия Президентінің резиденциясы атанса, бүгінде Чехия Республикасының негізгі билік қамалы.

Гиннес рекордтар кітабы Прага қамалына «әлемдегі ең үлкен қамал»  мәртебесін берген. Оның жалпы көлемі – 70 000 шаршы метр. 

Жалғасы бар ...

Ж. Өрісбай