Орал қаласы халқының саны 284 мыңнан асты

Орал қаласы халқының саны 284 мыңнан асты
Фото: maps.resurs.kz

Орал қаласы халқының саны соңғы 5 жылдың ішінде 31 мың адамға өсіп, жалпы саны 284 077 адамды құрады, - деп хабарлайды inform.kz тілшісі Елжан Ералы. 

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, қалада бала туылу көрсеткіші артты. Күн сайын 16 сәби дүниеге келеді. 15-29 жастағы тұрғындардың саны 71 300. Орал халқының орташа жасы - 33 жас. Сондықтан, Орал қаласын жастардың қаласы деуге толық негіз бар. 

Соңғы бес жылда қалаға 14,1 мың адам келіп, халық санының көбеюіне үлес қосты. 

Облыстық департаменттің берген статистикасы бойынша, Батыс Қазақстан облысында 631,8 адам өмір сүреді. 

Ж. Исакаев