Қазпочта Ұлттық музейге төлем белгілерін тапсырды

Қазпочта Ұлттық музейге төлем белгілерін тапсырды
Фото: ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі

2015 жылдың 4 тамызында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне «Қазпочта» АҚ 2 данадан 924 пошта төлем белгілерін сақтауға тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жинақтамалар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен ҚР Мәдениет пен спорт министрлігі Ұлттық музейі арасындағы келісімге орай сақталып, көрмеге қойылады.

«Қазпочта» АҚ өкілдері алдағы уақытта Қазақ хандығының 550 жылдығына, Конституцияның 20 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар шығаратынын хабарлады.

Жинақтама 1992-2014 жылдар аралығында шыққан пошта төлемдерінің белгілерінен құралған.

Пошта төлемдерінің белгілері - пошталық маркалар мен блоктар, маркаланған конверттер мен уәкілетті органмен енгізілетін басқа да белгілер.

Қ. Бүйенбай