Қазақстанда 18 шілде күні аптап ыстық орнайды

Қазақстанда 18 шілде күні аптап ыстық орнайды
Фото: depositphotos/linux1987

Ертең, яғни 18 шілде күні Қазақстанда аптап ыстық орнайды деп күтілуде. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Жоғары температура Ақмола, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалатын болады. Сонымен қатар Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кейбір аймақтары аптап ыстыққа куә болады.

Синоптиктер еліміздің батысының кейбір аймақтарында жауын жауып, боран соғатындығын айтып отыр. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысының кейбір аймақтарында өрт шығу қаупі бар екендігін айта отырып, мамандар сақтық шараларына мән беру керектігін ескертті. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!