Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алтай фестивалінде Джип көліктері туралы ертегі пайда болды

Алтай фестивалінде Джип көліктері туралы ертегі пайда болды

Алтай фестивалінде Джип көліктері туралы ертегі пайда болды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының маңында 1-ші халықаралық "Алтай.kz-2012" жолсызда жүруге арналған көліктер фестивалі өтіп жатыр...

Фестивальдің кезекті күні Риддерден 50 шақырым шалғай орналасқан Ивановск көліне жол тартумен басталды. Бір сағатқа жуық уақытты алған ауыр жол 25 Джип көлігінің біразын қара батпаққа батырып та тастады. Алайда, жігіттер жағы көліктерді ары қарай жүргізіп кете алды. 

Содан аман-есен жетіп алған соң, ерік-жігерлері күшті жігіттер көлге шомып кетті. Қалғандары болса, табиғаттың төл туындысын суретке түсіріп, өздеріне ермек табуға тырысты. Мәселен, мына бір кісілер балық аулауға қызу кірісіп кетті. 

Лагерьге қайтып оралған соң, ішіміздегі ең белсенді адамдар жарыс түрлерін өткізді. Бұл жарыста үлкендер өнер көрсетіп, кішкентайлар жағы таңғалып, қошеметтеп отырумен болды. Бірақ, көп ұзамай кішкентайлар жағы да үлкендерді бір қызыққа батырды. Олар Джип көліктеріне қатысты әртүрлі шытырмен ертегілер құрастырып бақты. Мысалы, егде тартқан бір кәрі кемпір ойнап жүрген балалардың бүкіл көліктерін жинап алады. Содан кеш түскен соң, әлгі көліктердің біріне мініп, тауды аралап шығады...

Сонымен қатар фестивальға арнайы ат басын бұрған Чехиядан келген қонақтар қазақстандықтардың қонақжайлылығына таң-тамаша қалды. Себебі, фестивалдың өтетінін бір күн бұрын ғана білген чехиялықтар фестивальды ұйымдастырушыларға өз тілек-армандарын айтқан. Ал қазақстандықтар болса бірден қуана-қуана келісе кеткен.

Сонымен қатар Чехиядан келген қонақтар Қазақстан елі турасындағы өз ойларымен бөлісті. Олар бұған дейін Қазақстанды Ресейдің құрамындағы кішкентай мемлекеттердің бірі деп келген екен. Оған себеп Қазақстаннан барған бір кісі сөйтіп түсіндіріпті. 

Бұл кеште махаббатын тауып жатқандар да аз болмады. 

Ең аяғы табиғаттың аясында, ымырт жабыла тамаша концерт өтті. Сахнаға шыққан рок-топтары, тағысын тағы басқа әнші, әртістер кештің ажар мен сәнін кіргізе түсті.

Фестивальден арнайы Massaget.kz үшін: Ғани Тұрғымбеков

Сурет: Ғани Тұрғымбеков ©

2331 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 12 шілде 2012, 15:40
Пікірлер
+0
12 шілде 2012, 15:34

уау, уау ;)

+0
12 шілде 2012, 15:38

барғым кеп кетті ғо сол жаққа

+0
12 шілде 2012, 15:42

Нағыз сен баратын жер екен, сенің стилің, Ғанеке, Қайрды шақырмадың ба қасыңа :D

+0
12 шілде 2012, 15:45

батпаққа кірді деген осы....қызықты күндер өтіп жатқан сияқты

+0
12 шілде 2012, 15:58

Балақайдың сүйкімдісін-ай

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...