Алматыда екі жаңа метро станциясы ашылды

Алматыда екі жаңа метро станциясы ашылды

18 сәуірде Алматыда екі жаңа метро станциясы пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. "Сайран" және "Мәскеу" станцияларының ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

Қазақстан Президенті метромен жүріп, "Мәскеу" станциясында түсті. Оны метро құрылысшылары күтіп алды. Олар Мемлекет басшысына құрылысқа көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Президент Алматының 1,5 мың адам тұратын үлкен мегаполис екенін және метроның қала қозғалысын жеңілдететінін атап өтті. "Қала кеңейіп жатыр. Метро қозғалысты жеңілдетеді, трафик кезінде бұл қалалықтар үшін ыңғайлы. Таяуда айналма жол салынады. Бұл экологияны жақсартады. Бұл станциялардың іске қосылуымен жолаушылар саны көбейе түседі", - деді Мемлекет басшысы. Станцияның ашылу салтанатына Алматы әкімі Ахметжан Есімов, жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Талғат Әбдрахманов, кәсіпкер Кеңес Рақышев, Ресейдің бас консулы және тағы да басқа жоғары лауазымды азаматтар қатысты.

Президентпен кездесуге жергілікті тұрғын Татьяна Богатырева келіп, станция ауданындағы үйлердің 10 пайызға қымбаттағанын хабарлады.

"Сайран" станциясы Абай даңғылымен мен Брусиловский және Тілендиев көшелерінің арасында орналасқан. Ал "Мәскеу" станциясы - Абай даңғылының бойында Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелерінің арасында. Станция 11 метр тереңдікте орналасқан. "Мәскеу" станциясында Кремль мен Қызыл алаңның фотосуреттері ілінген.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері 2015 жылы Алматы метросының бірінші желісінің екінші кешенінің құрылысы жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Жерді сатып алу және тәркілеу жұмыстары жоспарланған. Жол Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Алтынсарин даңғылының бойында Яссауи көшесіне дейін жалғасады. Бұл "Сарыарқа" және "Достық" станциялары болмақ. 

Еске салайық, осыған дейін шенеуніктер станцияларды 2014 жылдың 1 желтоқсанында ашуға уәде берген болатын, бірақ құрылысшылар бұл мерзімге дейін үлгермеді. Кейін Алматыдағы метро станцияларының осы жылдың көктемінде ашылатыны жайлы ақпарат тарады.

Айта кетейік, 2012 жылы тәулігіне жолаушылар ағымы 15-16 мың адам болса, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 24-25 мың адамға дейін ұлғайды. Үкіметтегілер жаңа станциялар ашылғаннан кейін тәулігіне жолаушылар ағымының екі есе көбейетінін айтып отыр.  

Алматы метрополитені 2011 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілді. Бірінші желі жеті станцияны қосады: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алматы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов атындағы драма театры", "Алатау". 

Сурет: istory.kz

Н. Айдархан