Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Бір айдан кейін қазақстандықтар мемлекеттік үш мерекені тойлайды: 1 мамырда – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамырда – Отан қорғаушылар күні және 9 мамырда – Жеңіс күні. 

Жеңіс мерейтойы осы жылы демалыс күніне түседі, сондықтан Қазақстан заңнамасына сәйкес, 9 және 10 мамыр күндерінен бөлек, 11 мамыр – дүйсенбі демалыс саналады. 

сурет: widefon.com

Е. Қайрахан