Алматыда екі метро бекеті іске қосылады

Алматыда екі метро бекеті іске қосылады

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Алматы метросының "Мәскеу" және "Сайран" бекеттері іске қосылуға дайын екендігін айтты. Бұл туралы Baq.kz сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта барлық сынақ жұмыстары аяқталып, қызметкерлер штаты жасақталуда.

- «Мәскеу» және «Сайран» бекеттеріне жүргізілген сынақ сәтті өтті. Метро ерекше көлік, сондықтан бірінші орында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, - деген қала басшысы жолаушылардың қауіпсіздігі мәселесіне аса назар аудара отырып, жаңа бекеттің барлық жүйелеріне қайта тексеру жүргізілуін тапсырды.

Қала әкімінің айтуы бойынша, жаңа бекеттердің іске қосылуы жолаушылар тасмалын екі есеге көбейтеді. Алғашқы уақыттарда метро күніне 13-14 мың адамды тасмалдаса, қазіргі уақытта 24 мың адамды тасмалдайды. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша метромен жолаушылар тасымалы 20 млн. адамға жеткен.

Сурет: almaty-metro.narod.ru

Н. Айдархан