Тіл – білім, тәрбие тұғыры

Тіл – білім, тәрбие тұғыры

Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз,
Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!

Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.

Қыркүйек айының 22 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары С.Ақымбек Ә.Әміров, Д.Шакирова,  Б.Құлжанова, А.Аширова., Ш. Рамазанова  ұйымдастыруымен «Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты 1-курс жас таланттар  арасында жыр мүшәйрасы өтті. Мүшәйраның негізгі мақсаты: еліміздің жас та , жалынды жастарын туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Жыр кешіне 15 жас ақын қатысты. 1-орын иегері – Қонысбек Үмітхан.  

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы: Динара Шакирова

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай