«Игі істер бюросы» іске қосылады

«Игі істер бюросы» іске қосылады

Астанада 2014 жылы 2 маусым мен 6 шілде аралығы Қала күніне арналған «Игі істер бюросы» бірегей жобасы іске қосылады. Жоба көмекке мұқтаж Астана тұрғындарына кез келген адам қол ұшын соза алатын ғаламтор-анықтама ретінде жұмыс істемек. Ғаламтор-анықтама арнайы сілтеме түрінде Астана қаласы әкімінің сайтында (www.astana.gov.kz) «Игі істер бюросы» бөліміне орналастырылады. Онда кез келген адам қаржылай, техникалық, гуманитарлық, волонтерлық және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады. Атап айтсақ, жетімдер үйі, интернат тәрбиеленушілеріне, көп балалы отбасыларға, қатерлі ауруға душар болған, қаржылай қысылған адамдарға немесе қарттарға және қоғамның басқа да әлеуметтік әлсіз топтарына көмектесуге мүмкіндік алады. Анықтамада көмекке мұқтаж жандардың тікелей байланыс нөмірлері мен қажеттіліктері жазылады. Жобаның негізі мақсаты – мейлінше көп адамға көмектесу. «Игі істер бюросы» акциясы аясында қайырымды іске белсенді араласқан азаматтарға Астана қаласы әкімі атынан алғыс хаттар беріледі.

Жолдаған: Олжас Болатбекұлы

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: deita.ru

М. Оңғарова