Алматыдағы "Ақ Ерке" жазғы демалыс лагері шақырады

Алматыдағы "Ақ Ерке" жазғы демалыс лагері шақырады

Көптеген лагерь ескі жүйеге сәйкес жұмыс істейді. Ол бағдарламалар баланы жалықтырып жібереді. Сондықтан "Ақ Ерке" лагерінде заман талабына сай идеялар кірістірілген. Бұл жерде бала президент немесе өзге мүше болып тағайындалу арқылы өзін лагерьдің бір бөлшегі ретінде сезінеді. Әрбір ақеркелік сайлауда дауыс беріп, мемлекеттік және жеке меншік фирмада жұмыс істеп, жалақы алады. Оны өзі қалаған мақсатта жұмсайды. Ол супермаркет немесе кинотеатр болуы мүмкін. «Ақ Ерке STAR», «Кинофестиваль», «Ақ Ерке 2014 ханшайымы» секілді жарыстарға қатысып, өзін тележүргізуші, журналист, КВН ойыншысы ретінде сынап көре алады. Бұдан өзге ғылыми-зерттеу жүргізіп, ерекше қабілетін танытады.

Мұнымен қатар демалыс пен денсаулықты жақсартуға бағытталған ойын-сауықтар да қамтылған. Бағдарламаға «Олимпиада», әскери-стратегиялық «Ұшқын» ойыны да кіреді. Атқа міну, квадрациклге отыру, тауға серуендеу де бар. Аталған лагерьдің ерекшелігі балаларды өзін-өзі басқаруға, шығармашылыққа және ғылымға баулуында.

Лагерь экологиялық таза, әрі қауіпсіз аймақта орналасқан. Әр бөлмеде 4-6 баладан орналасады. Күніне 5 уақыт тамақ қарастырылған. Бір басқарушы (вожатый) 8-10 баламен жұмыс істейді.

2014 жылдың жазына арналған ауысымдар:

1-ауысым: 05 маусым -15 маусым - 90 000 теңге

2-ауысым: 17 маусым – 30 маусым - 126 000 теңге

3-ауысым: 02 шілде – 15 шілде - 126 000 теңге

4-ауысым: 16 шілде – 29 шілде - 126 000 теңге

5-ауысым: 31 шілде – 12 тамыз - (бос орын жоқ)

6-ауысым: 13 тамыз – 23 тамыз - 90 000 теңге

Күн тәртібі:

9:00

Ояну

9:30

таңғы жаттығу, аэробика

10:00

таңғы ас

10:30

бассейн, шеберхана сабақтары

13:00

«Play Land»

14:00

түскі ас

14:30

тынығатын уақыт

16:00

бесіндік ас

16:30

отрядтық уақыт, бассейн

19:00

кешкі ас

20:00

кешкі бағдарлама

21:00

кино, дискотека

23:00

кіші отрядтың екінші кешкі асы, ұйықтау

24:00

үлкен отрядтың екінші кешкі асы, ұйықтау 

Ата-аналармен кездесу уақыты: жексенбі сағат 11.00-14.00 немесе 16.00-21.00

Әр клиентке арналған 10%-дық жеңілдік бар.

Жолдаманы алу мекенжайы:

Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71,2 (ҚазҰУ техно саябағы), 213 кеңсе

Телефон: +7(727)3773188 (ішкі байланыс 119) 

+77714021776 - Әлдиқасымова Аида Абзалқызы

email: mdc.akerke@gmail.com

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: akerke.kz

 

 

Қ. Бүйенбай