Жазғы сауықтыру лагері – Алма Тау

Жазғы сауықтыру лагері – Алма Тау

Қымбатты ата-аналар мен балалар! 2014 жылдың жаз айларында балаларға арналған «Алма Тау» сауықтыру лагері сіздерді демалысқа шақырады. Аталған лагерь Іле Алатауының баурайында Алматыдан 30 километр қашықтықта орналасқан. Ұлттық саябақта орналасқан демалыс кешенінің экологиясы барынша таза.

Оның төмендегідей артықшылықтары бар:

- Елдімекеннен қашық орналасса да, телефон байланысы қамтамасыз етілген;

- Екі қабатты корпусы бар. Әр бөлмеде 2-4 адамға орын дайындалған. Әр қабат жуыну бөлмесі мен киім үтіктеп, кір жуатын машинамен жабдықталған;

- Асхана мен моншаға, медициналық пунктіге қажет ыстық су қазандықтары;

- Балаларды емдеп, төтенше жағдайда көмек көрсетуге арналған медициналық корпусы;

- Адам басына шаққанда 0,9 шаршы метрден келетін асхана;

- Қызметкерлер мен балаларды эвакуациялап, экскурсия кезінде тасымалдайтын автобустары;

- Ойын-сауық пен мерекелік кештерге арналған алаңы;

- Спортқа қажетті алаң мен жабдықтары;

- Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ететіндігін растайтын құжаты;

- Балалар дәрігері, медбикелер мен әскери күзетшілері бар.

Сауығуға әсер ететін факторлардың бірі – климатерапия. Оның негізінде Іле Алатауының баурайында қыдыруға арналған жорықтар ұйымдастырылады.

Аталған лагерьдің қағидаттары:

- Ең маңыздысы – балалардың қызығушылығы мен денсаулығы және қауіпсіздігі;

- Әр баланың жеке талғамын ескеру;

- Жұмысқа тек мықты мамандарды алу;

- Достық пен қамқорлық көрсете білуге баулу.  

Лагерь 5 маусымда ашылады. Сіздерді жазғы лагерьде мерекелік бағдарлама мен көңілді кештер күтеді.

1-ауысым 5 маусым – 16 маусым (12 күн);

2-ауысым 18 маусым – 1 шілде (14 күн);

3-ауысым 3 шілде – 16 шілде (14 күн);

4-ауысым 18 шілде – 31 шілде (14 күн);

5-ауысым 2 тамыз – 15 тамыз (14 күн);

6-ауысым 17 тамыз – 28 тамыз (12 күн)

Бағасы: 12 күнге – 56 400 теңге. (Тәулігіне - 4700 теңге). 14 күнге – 79 100 теңге (Тәулігіне - 5650 теңге).

Жолдаманың бағасына төмендегілер кіреді:

- Күніне 5 уақыт тамақ;

- Танымдық сабақтар;

- Жататын орын;

- Мұражай мен «Hawaii» аквопаркіне экскурсия;

- 8-10 күнге тағайындалатын басшы (важатый);

- Тауға саяхат.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: grandevoyage.kz

Қ. Бүйенбай