Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Романтикалық трамвай

Романтикалық трамвай

Романтикалық трамвай

Кешегі күн мен үшін ғаламторда "қыдыру" күні болды десек те болады. Сүйікті әлеуметтік желілердің бірі "вконтактеде" достарымның бірі Алматыда ерекше қатынау көлігі жайлы айтқан еді. Қандай көлік дейсіздер ғой? Айтайын. Сүйікті қаламызда трамвай ішінде орналасқан кофехана бар екен. Басында бұған сене алмадым. Интернетті біраз шарлаған соң, шынымен де осындай трамвай-кафенің бар екеніне көзім жетті. Елді осы ерекше кафемен таныстыруды ұйғардым. 

Өзім әлі барып көрмегендіктен, ұзын-құлақтардан естігенімді айтқым келіп отыр (жеке басым алдағы уақытта міндетті түрде барып, бір кофе ішіп қайтуды шештім). Ғажап трамвай Қонаев-Шевченко көшелері қиылысына кешкі сағат 20:30-да келеді екен. Әсем Алматының кешкі ауасы, көше бойын жағалай өткен фонарьлар мен жасыл ағаштар адамдарға патша күймесін күтіп тұрғандай сезім қалдыратын сияқты. Білуімше, адам көп болатын көрінеді. Әсіресе жұптар (мүмкін жігіттер сүйіктілеріне тосын сый жасамақ болған шығар). Трамвайда барлығы 25 орын бар. Сондықтан орынды алдын ала брондау қажет. 

Трамвай іші жағымды атмосфераға толы, интерьері ұнамды, трамвай тақырыбына сай қабырғаға бірнеше сурет пен фотосуреттер ілінген. Кафе ішіндегі заттардың барлығы ағаштан жасалған екен. Естуімше, баға жағынан ыңғайлы екен. Кіруге адам басына 500тг, ал қызмет көрсету 10 пайыз. Берілген мәзірдің ішіндегі көрсетілген бағалар қалта көтереді-мыс. 

Трамвай бағдары бірінші Қонаев-Шевченко көшелері қиылысынан басталып, Байтұрсынов, Мақатаев, Қонаев көшелерімен өтеді. Жарты сағат жолаушыларды күтіп, содан кейін сапарға шығады. Трамвай 23:00-да бастапқы орнына оралып, 00:00-ге дейін аялдап қайтадан сапарға аттанады-мыс. Осылай ол таңғы 04:00-ге дейін аптасына 6 күн (Сейсенбі мен Жексенбі күндері аралығы) жұмыс істейді екен.

P.S. Алматыда осындай жердің ашылғанына өз басым өте қуаныштымын. Алда да ерекше жерлер пайда болса екен. Ал алматылықтарға міндетті түрде Трамвай-кафеге барып-қайтуға кеңес беремін. Айтпақшы, ол жақта парольсіз Wi-Fi да бар екен!

Суреттер: yvision.kz

Автор: Ханзада Аянұлы

1015 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 15 мамыр 2012, 12:00
Пікірлер
+0
15 мамыр 2012, 12:15

ого! керім жаңалық екен ) білмеппін ) бір массагет тұрғындарының кездесуін осы романтикалық трамвайда өткізуге болады :)

+0
15 мамыр 2012, 12:18

ниче се

+0
15 мамыр 2012, 12:21

тема :!:

+0
15 мамыр 2012, 12:46

интернеті жақсы екен....

+0
15 мамыр 2012, 12:48

Бұған барсаң интернетке бола бармайтын шығарсың ))))

+0
15 мамыр 2012, 13:11

Романтиктер үшін таптырмас мүмкіндік екен!

+0
15 мамыр 2012, 13:15

күшті екен

+0
15 мамыр 2012, 13:19

кеше өзін көрдім, енді ішіне кіріп көру ғана қалды :lol: :lol:

+0
15 мамыр 2012, 22:50

Жалғыз бармайтын шығарсың.

+0
15 мамыр 2012, 13:20

күштііііі :)

+0
15 мамыр 2012, 13:42

оля мұндайда бар ма не?

+0
15 мамыр 2012, 18:38

керемет қой мынау! Көрмеппін

+0
16 мамыр 2012, 13:01

күштііі ғо

+0
27 мамыр 2012, 10:47

романтика деген бос әнгіме

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...