Қазақстандық әйелдер өз еңбегін еркектерден төмен бағалайды

Қазақстандық әйелдер өз еңбегін еркектерден төмен бағалайды

Қазақстандық "HeadHunter" зерттеу орталығының мамандары 2014 жылдың басынан бері hh.kz сайтына салынған 200 мың түйіндемеге сараптама жасап, әйелдер мен ерлердің өзіндік кәсібилігін қаншалықты бағалайтындығын анықтаған.

Порталға ілінген түйіндемелердің жартысына жуығында (42%) айлық көлемі 50 000 - 100 000 теңге аралығында деп жазылған. Іздеушілердің үштен бірінен көбі, нақтырақ айтсақ, 34%-ы 100 000 - 200 000 теңге аралығындағы айлықты қалайды. Бар болғаны 16% адам 200 000 - 500 000 теңге аралығындағы айлыққа лайықтымын деп санайды екен. 2% қолданушы жарты миллионнан көп айлықты іздесе, 6%-ы 50 000 теңгеден азға қанағаттанады екен.

Бұл бір. Енді аталған сайттағы көрсеткішті әйелдер мен еркектерге жіктейік. Жұмыс іздеуші әйелдердің түйіндемелерінің пайыздық мөлшері айлықтың өсуімен пропорционал түрде азайып отырады. Сонымен, 50 000 теңгеге дейінгі айлықты сұраушылардың 68%-ы әйелдер, 32%-ы еркектер. 51 000 - 100 000 аралығындағы айлықты көрсеткендердің 62%-ы бұрымдылар, 38%-ы білектілер. Ал енді айлық көлемі неғұрлым көбейген сайын әйелдердің пайызы төмендей береді. Мысалы, 100-200 000 теңге аралығындағы айлықты көрсеткендердің ішінде 48%-ы ғана әйелдер, ал ер азаматтар 52%-ға өсіп кетті. Ең жоғарғы айлық, яғни, 500 000-нан жоғары айлықты сұрағандардың 31%-ы әйелдер болса, 69%-ы ер азаматтар болып тұр.

Ал сіз өз шамаңызды қанша айлыққа бағалайсыз?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: finance.bigmir.net