7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!

Айтулы мерекенің тарихына үңілер болсақ, 1991 жылы 25 қазанда елбасымыздың жарлығымен Қазақ КСР-ының мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылған болатын. Арадағы өзгерістерге байланысты республиканың қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

Осы жарлыққа сәйкес Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарамағына өтті. Жоғары Бас Қолбасшы болып Елбасымыз тағайындалды. Ал Қорғаныс министрі болып Сағадат Нұрмағанбетов сайланды.

Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан, «7  мамыр» Отан қорғаушылар мерекесі болып жарияланды.

Ел халқына бейбіт күн мен шат-шадыман күлкі сыйлауда ұландарымыздың атқарып жатқан қызметі мол. Оларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. «Отан қорғаушы» дегеніміздің өзі – құдіретті сөз. Жүрегінде Отанына арналған махаббат пен кеудесінде намысы бар адамның басты міндеті – елі мен жерін жаудан сақтау.

Отан қорғаушылар, Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақыт тілейміз! Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!

Сурет: today.kz