Наурыз айындағы мерекелерде қанша күн демаламыз?

Наурыз айындағы мерекелерде қанша күн демаламыз?

Қазақстан халқы наурыз айындағы қос мерекеге (Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі) байланысты бірнеше күн қосымша демалыс алады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасының сайтында жазылды.

Аналар мерекесі биылғы жылы сенбі (8 наурыз) күніне сәйкес келіп тұр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңда «Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады» делінген. Сондықтан, дүйсенбі күні де демалыс болады. Яғни, қазақстандықтар 8, 9, 10 наурыз күндері демалады.

Ал Ұлыстың Ұлы күні саналатын Наурыз мейрамы елімізде айдың 21-23 күндерінде атап өтіледі. Наурыздың 22, 23 жұлдыздары сенбі-жексенбіге тура келгендіктен, дүйсенбі мен сейсенбі күндері де демалыс болып белгіленеді. Сонымен, Ұлыстың Ұлы күнінде жұртшылық қатарынан бес күн (21-25 наурыз) демалмақшы.

Барлық мереке күндерін қосқанда 8 күн демалыс жарияланады. Жалпы демалыстар саны 13 күн болғалы тұр. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар 2013 жылғы наурыз айында да 13 күн демалған болатын. 

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kaznmu.kz