Бас прокуратура мен Қазақстанның Интернет Ассоциациясы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

Бас прокуратура мен Қазақстанның Интернет Ассоциациясы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

18 ақпан күні Астанада Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мен Қазақстан Интернет Ассоциациясының Президенті өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын айта отырып, Андрей Кравченко Бас прокуратура мен Қазақстан Интернет Ассоциациясының өзара белсенді әрекеттесуі прокуратура органдарының үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттесуді жолға қоюдың жалғасы болып табылатынын атап өтті.

Тараптар Интернет желісінің қазақстандық сегментінде құқыққа қайшы контенттің таралуына қатысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жігерді шоғырландыруға ниетті.

Әрекеттесудің негізгі бағыттары болып балаларды нәпсіқұмарлыққа пайдаланумен, жасы кәмелетке толмағандар порнографиясымен, терроризм мен экстремизмді насихаттау және жариялы түрде ақтаумен байланысты заңсыз ақпараттардың таралуымен және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын басқа да құқық бұзушылықтармен күрес табылады.

Соңғы жылдары прокуратура органдары құқыққа қайшы контенттің таралуына қарсы күрес бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін атап өту қажет.

Интернет-кеңістікте заңсыз материалдардың таралуының жолын кесу мақсатында 2011 жылдан бастап прокуратура органдарымен басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп 90 000 астам интернет-ресурстардың мониторингі жүзеге асырылып, экстремизм және терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ жарылғыш құрылғыларды қолдан жасау әдістері туралы ақпараттарды таратудың анықталған фактілері бойынша талап арыздық жұмыс жүргізілді, сондай-ақ сотқа дейінгі реттеу шаралары қабылданды.

Астана және Алматы қалаларының соттарымен жоғарыда аталған мерзім ішінде 596 интернет-ресурстың өнімін Қазақстан аумағында таратылуын тоқтатумен заңсыз деп тану жөніндегі прокурорлардың және уәкілетті органның арыздары қанағаттандырылды.

Тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін өзара әрекеттесудің түрлі нысандарын пайдалану, ақпаратпен тұрақты алмасу, сондай-ақ халықаралық тәжірибені пайдалану жөнінде келісті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Сурет: Бас прокуратураның б.қ.

Б. Қосмағамбет