Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстанның рекордтар кітабы

Қазақстанның рекордтар кітабы

Қазақстанның рекордтар кітабы

Қазақстан рекордтар кітабы бірінші рет 1999 жылы жарық көрді. Гиннестің Рекордтар кітабының ізімен шыққан алғашқы басылым орыс тілінде әрі суретсіз шықты. Одан кейінгі Қазақстан рекордтар кітабы қазақ, орыс тілдерінде, суретпен шыға бастады. 

Қазақстан рекордтар кітабына енген қызықты рекордтарды назарларыңызға ұсынамыз. 

  • Қазақтар туралы алғашқы картографиялық ақпарат 1558-1559 жылдары Еуропадан Орта Азияға сапары кезінде Батыс Қазақстанды кесіп өткен ағылшын саудагері А.Дженкинсон картасында пайда болды. Оның картасы 1562 жылы Лондонда шығарылды. Картада cassax (қазақ) деген жазу бар.
  • Алматы қаласында 1999 жылы мамырда Қазақстандағы бірінші гипермаркет "Рамстор" ашылды.
  • Қазақстан жеріндегі ең биік шың Хан-Тәңіріне (6995 м) 1936 жылы 24 тамызда шыққан бірінші қазақстандықтар Е.Колокольников, И.Тютюнников, Л.Кибардин болды. 
  • Республикалық "Жылдың үздік мұғалімі" бірінші сайысы 1991 жылы өтті. Бірінші "Жылдың үздік мұғалімі" Тұрмағамбет Дәулетұлы Дәулетов, Қызылорда қаласы 36 саз орта мектебінің мұғалімі болды.
  • Орал қаласында 1830 жылы тұрғындар үшін бірінші 15 кереуеттік аурухана ашылған. 
  • Бірінші кіндік шеше – Надежда Лебедева (1868 жылы 24 сәуірде Медицина департаменті және Ішкі істер министрлігі Ішкі Ордаға жұмысқа жіберген).
  • Бірінші әйел-дәрігерлер: Гүлсім Жафарқызы Асфендиярова (1880-1941), Аққағаз Досжанова (1893-1936).
  • Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазақ әдебиетіндегі көп жанрды жасаушы болды. Ол қазақтың бірінші драмасын, бірінші опера либреттосын, бірінші эпопея, сондай-ақ 1933 жылы Абайдың бірінші ғылыми өмірбаянын жасады. 1999 жылы қарашада қоғамдық шаралар қорытындысы М.Әуезовты "Ғасыр адамы" деп таныды. 
  • Мұхтархан Ділдәбеков бокс бойынша ең қысқа уақыт ішінде бастаушыдан ең абыройлы салмақ категориясында әлемдік класс боксшысы деңгейіне жетті. 21 жаста қолғап киіп, 26 жасқа жақын Азия чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды. 
  • Қазақстандағы ең ыстық жер – Шардара (Оңтүстік Қазақстан облысы), мұнда ауа температурасының абсолюттік ұлғаюы +47 градусқа жетеді. 
  • Әлемнің ең өміршең ағашы – Түркістан аршасының мөлшерлі жасы 3000 жыл.
  • Алматыдағы зілзалаға ең шыдамды үй Гоголь, Пушкин көшелері бұрышында орналасқан. Ол 19 ғасырдың 70 жылдарында салынған. 1887,1910 жылдары апатты жер сілкінулерін басынан өткерген. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: yvision.kz

Қосылған күні: 22 қаңтар 2014, 20:20
Пікірлер
+0
22 қаңтар 2014, 21:14

Қызық. Болашақта тағы да қызықты жазбалар жазылар, тіпті әлемдік рекодтар кітабына енерліктей жаңалықтар орын алар деп ойлаймын. Рахмет жазбаңа, Мейіргүл!

+0
22 қаңтар 2014, 21:46

Мендегі мәліметтер бойынша "Гиннистің рекордтар" кітабына Қазақстан 15 рет тіркелген!!! Соның 9ы біздің Екібастұз қаласынан!!! Жалпы әлеумет желі арқылы да "Қазақстан рекордтар" кітабына іріктеулер көптеп өткерілсе, елімізден қанша мың таланттардың шығары анық!!!

+0
22 қаңтар 2014, 23:00

Шардара ең ыстық жер деп ойламаппын

+0
23 қаңтар 2014, 14:02

өміршең ағаш 8-) мықты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.