Тәуелсіздік күнінде Массагет 2 жасқа келді

Тәуелсіздік күнінде Массагет 2 жасқа келді

Құрметті Массагет ойын-сауық порталының қолданушылары! Сіздерді Тәуелсіздіктің 22 жылдығы және порталымыздың құрылғанына екі жыл толу байланысымен құттықтаймыз. 

Массагет.kz порталының бүгінгі күнге жетуіне өз үлестерін қосқан барлық азаматтар мен ұжымдарға рақмет айтамыз!

Tengrinews.kz сайтының ұжымына алғыс айтамыз.

Сонымен бірге "Алаш Айнасы" газетіне, Vesti.kz сайтына, Tengri FM радиосына,СТВ телеарнасына және программистер ұжымына үлкен алғыс айтамыз!

Vesti.kz ұжымы, сіздерге рақмет! Әрқашан табысты қызмет, жеңісті нәтиже тілейміз!

"Алаш Айнасы" газетінің ұжымы, қаламдарыңыз талмасын!

Tengri FM радиосы ұжымы, толқындарыңыздан әрқашан жақсылық үні естіліп тұрсын!

СТВ телеарнасы, сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!

Енді назарларыңызға Массагет ұжымының ақ тілектері мен құттықтауларын ұсынайық:

Айгерім Сматуллаева, контент-менеджер

Ең ұлы, ең дүбірлі, ең маңызды мереке Тәуелсіздік күнімен қатар келген кішкентай Массагеттің туған күні құтты болсын. Әрбір арайлы күніміз, қуанышты сәтіміз тәуелсіздіктің, бейбітшіліктің арқасы деп білемін. Ұзағынан болсын! Айбынды азаматтарымыз аман болсын, аналардың көз жасын көрмейік, сәбилердің жылаған үнін естімейік деп тілегім келеді. Тәуелсіздікке лайықты болайық!

Мейіргүл Оңғарова, редактор

Тәуелсіздік десе, есімізге Массагет түсетін болыпты. Массагеттің осы бір еліміз үшін айрықша мәнге ие ауқымды мерекемен бірге дүниеге келуі бекер емес! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, Массагетіміз аяулы болсын! 

Ақерке Әбілхан, контент-менеджер

Еліміздің азаттығы да, дәл осы күні өмірге келген біздің сүйікті Массагет те ғұмырлы болсын. Тәй-тәй басып келе жатқан сайтымыздың болашақ қадамдары нық болғай. Тәуелсіздігін құрметтейтін қазақ Массагетпен бірге жасай берсін!

Мейіржан Әуелханұлы, контент-менеджер

Ең алдымен барша Қазақ жұртын Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығымен құттықтаймын! Біздің бұл мерекеден асатын қастерлі, қымбатты, қасиетті күн болмауы керек. Осы күнмен тұспа-тұс келіп отырған Массагеттің екі жылдығы да біз үшін және барлық сайт қолданушылары үшін мерейлі күн! Осындай мерейлі күндерден, жылдардан, айлардан айларға жете берейік!

Ардақ Құлтай, редактор

Барша қазақ жұртын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Барша Массагет қолданушыларын порталымыздың құрылуына екі толуымен құттықтаймын! Тұранның даласындағы текті елдің егемендігі баянды болсын. Сайтымыздың асар асуы биіктеп, шығар белесі өрден көрінсін!

Анар Мұстафинаконтент-менеджер

Бүгін - Тәуелсіздік мерекесі. Біздің елімізде бұл мерекеден артық, бұл күннен мерейлі күн жоқ шығар деп ойлаймын. Барша сайт қолданушыларын осы мерекемен құттықтаймын! Порталымыздың екі жылдығы да осы күнмен бірге келіп отыр. Біздің сіздерге бергенімізден береріміз көп. Әрқашан жаңалық күтіңіздер!

Фараби Арыстанбекконтент-менеджер

Арайланып атқан әрбір таңның шұғыласы Тәуелсіздіктің төккен нұры сияқты. Бүгінгі Тәуелсіз елдің барша жас жеткіншектерін, ғаламтор қолданушыларын, Массагетіміздің оқырмандарын осы қасиетті мерекемен құттықтаймын! Тәуелсіздік - ұлы мереке, ұлы мерекені жасаушы халық тіпті де ұлы! Массагеттің екі жылдық атаулы күні де құтты болсын!

Болат Қосмағанбетов, проект-менеджер

Біріншіден, бүгінгі еліміздің бас мерекесі Тәуелсіздік күнімен барша Қазақстан жұртшылығын құттықтағым келеді. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсап қана кеткен күнге жетіп отырған біз шын бақыттымыз. Осы жетістігімізді, ең басты байлығымызды қастерлеп, бағалай білейік. Екіншіден, жыл сайын осы ұлы мерекемен тұспа-тұс келіп отыратын порталдың туған күнімен барлық қолданушыларды және оның дамуына өз үлестерін қосып жүрген қызметкерлерді құттықтағым келеді. Массагет осы жылы аз табысқа жеткен жоқ. Десек те бұл жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Алдағы жылы да сайт өз қолданушыларын тың жаңалықтарымен қуантып, Қазнет кеңістігіндегі үздік сайттардың көшін бастауға тер төгетін болады. 

Қарлыға Бүйенбай, контент-менеджер

Бұралаңдаған жолдармен бір емес бірнеше ғасыр бойы жүріп өтіп, бабаларымыздың найзасымен, даналарымыздың ақылымен, қыршын жастарымыздың қанымен келген Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Баршаларыңызға халқымыздың арманы орындалған бұл күнде көпке үлгі болған бірлік пен татулық тілеп, денсаулықтарыңыз мықты болсын деймін! Әрі осыдан 2 жыл бұрын тәй-тәй басып, ендігі сенімді қадамдар жасап, биік асуларды бағындырып, аз уақыт ішінде оқырмандарының жүрегінен орын алған Массагетіміздің туған күні құтты болсын! Алар асуларың биік болып, сүйікті оқырмандарың көп болғай!