Алматыда өтетін жәрмеңкелер

Алматыда өтетін жәрмеңкелер

Тәуелсіздік күніне арналған демалыста не істейсіз? 4 күн бойы шаруасыз жатқанша, өтіп жатқан мәдени іс-шараларға қатысыңыз. Назарларыңызда демалыста Алматы қаласында өтетін жәрмеңкелер тізімі.

Аспаздық жәрмеңкесі

Кетер жылдың ең "дәмді" шарасы болайын деп тұрған аспаздық жәрмеңкесі аясында тәтті, дәмді тіскебасарлар сатылып, кофе мен шәйдің түр-түрінен дәм тата аласыз. Оған қоса аспаздық шеберлік сағаттар, дегустациялар өтеді. Шара барысында жаңа ас мәзірін үйреніп, аспаздық салаңыздағы біліміңізді тереңдете аласыз. Аспазға құмар кісілерге ас үйде қажет құрал-сайман мен түрлі дәмдеуіштердің түрлілігі де сізді қуантады. 

Шара Алматыдағы Орталық көрме залында 13-18 желтоқсан аралығында таңғы 10.00-ден кешкі 19.00-ге дейін өтеді өтеді. Жәрмеңкеге кіру және қатысу тегін.

SatuFest 2013


"Қара жұма күні" деген мұңды есіммен аталған бұл шара Алматыдағы үлкен сауда орталықтарында өтеді. Жаңа жыл қарсаңында сауда орталықтарындағы дүкендер мен бутиктерде осы шара аясында үлкен жеңілдіктер ұйымдастырылды. Жеңілдіктер жәрмеңкесіне Mega Alma-Ata, Esentai Mall, ADK, Promenade, Globus, Mart, City Plus, "Спутник", "Прайм Плаза" мен"Мерей" сауду үйлері, "Технодом", Sulpak, Essey мен "Рамстор" дүкендері қатысады. 

"Қара жұма күні" деген ұғым АҚШ-да таралған. Ол елде осы уақытта "Қара жұма күнінде" дүкендердің барлығы таңғы 5-те ашылып, тауарларды үлкен жеңілдіктермен сатылады.

Алматыда бұл шара 14-15 желтоқсан күндері өтеді. 

Қолөнер жәрмеңкесі


"Алматы колөнер палатасы" қолдауымен ұйымдастырылып отырған қолөнер жәрмеңкесінде көбінесе Жаңа жылға арналған сыйлықтар, кәдесыйлар сатылымға түседі. Бұл жерде отбасыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге арналған жалғыз үлгіде ғана бар ерекше жаңажылдық сыйлық ала аласыз. Шара дәстүр бойынша "Жетісу" қонақ үйінің алдында өтеді. 15 және 16 желтоқсан күндері таңғы 9-да басталған жәрмеңке сағат кешкі 18.00-де аяқталады. 

Ал сіз демалысыңызды қалай өткізесіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: HeadLine.kz

С. А