2013 жылы жоғары сұранысқа ие болған жұлдыздар

2013 жылы жоғары сұранысқа ие болған жұлдыздар

Forbes Kazakhstan журналы мен MuzZone телеарнасы бірігіп отандық жоғары сұранысқа ие жұлдыздарды анықтады.  

1. Қайрат Нұртас, әнші

Жылдық табысы: $2,04 миллион
Жасы: 24
Продюсер: Гүлзира Айдарбекова
Тәжірибесі: 5 жыл
Дискография: 9 альбом
Өткен жылды Қайрат Нұртастың жылы деп айтсақ, қателеспейтін болармыз. Әнші Алматы қаласында қараша айының соңында ән кешін өткізді. Кештің билеттері 1 ай бұрын толығымен сатылып кеткен. Жарты жыл өткен соң 600 000 АҚШ доллар табыс әкелген «Өкініш» фильмі шықты. Мұнымен қатар оңтүстік астанамызда қазан айында киімдер желісін таныстырған бутик ашты. Дәл қазір гастролдік сапарлары 1 ай бұрын жоспарланады. Жас әнші болашақта жекеменшік әуе жолын ашуды жоспарлап жүр.

2. Геннадий Головкин, боксшы

Жылдық табысы: $1,4 миллион
Жасы: 31
Жаттықтырушысы: Абель Санчес
Тәжірибесі: 13 жыл
Жанкүйерлері 2013 жыл Генадий Головкин үшін сәтті  өтті дейді. Осы уақыт ішінде 1,4 миллион ақшаға бағаланған 4 кездесу өткізді.

3. Баян Есентаева, продюсер, тележүргізуші, актриса 

Жылдық табысы: $1,595 миллион
Жасы: 38
Тәжірибесі: 21 жыл
Жарнамалармен келісім-шарт: Pantene PRO V
«КешYou» жобасы мен Жанар Дұғалованың продюсері (жылдық табысы 480 000 доллар) әрі «Қазақ аруы» сайысының  баспродюсері, «Ғашықтар әлемі» журналының иесі Баян Есентаева 2013 жылы киноматография саласына айтарлықтай үлек қосты. «Тракторшының махаббаты», «Абайлаңыз, сиыр» сынды телехикаялар түсірді. Мұнымен қатар, «Хабар» арнасына арнап Күліш Бәйсейітова туралы деректі фильм түсіруді жоспарлауда.  

4. Lido, әнші, модель, дизайнер

Жылдық табысы: $500 000
Жасы: 29
Продюсер: жоқ
Тәжірибесі: 9 жыл
Дискография: 1 альбом
Жарнамалармен келісім-шарт: Nikon, Lazy Eight, әшекей бұйымдар бренді EFFY
Бұған дейін әнші әрі модель ретінде танылып жүрген Lido өзін дизайнерлік қырынан танытты. Екінші рет қатарынан Алматы қаласында өткен KFW-де жеке топтамасын таныстырып үлгерді. Осы уақыт ішінде Дина Жантелованың «Мен сенің суретіңді саламын» әніне арнап бейнебаян түсірді. Жаз айларында Nikon секілді жүйелі фотокамералардың таныстырушысына айналды.

5. Алексей Пучков, продюсер 

Жылдық табысы: $2,5 миллион
Жасы: 36
Тәжірибесі: 15 жыл
Продюсер жылдық табысын түгелдей дерлік EuroStar Booking Service компаниясынан алады. Елімізде бір жыл ішінде Бейонс, Николь Шерзингер, Кристина Агилера, Сиара, Шер, рэпер Flo Rida секілді әншілердің ән айтуын ұйымдастырды. Алексей K-Rim атты әншінің продюсері (4 бейнебаян, Ресей телеарналарындағы ротация, Дэвид Таваремен дуэт). Пучков шілде айында AMOuAGE тобымен келісім шарт жасады.


6. Дильназ Ахмадиева, әнші, тележүргізуші

Жылдық табысы: $768 000
Жасы: 33
Продюсер: жоқ
Тәжірибесі: 16 жыл
Дискография: 5 альбом
2013 жылдың қыркүйек айында әнші Айқын Төлепбергенмен бірге ІІ ЕМА марапаты өткен концерттің жүргізушісі болды. 3 бейнебаян түсіріп, X Factor-4 жобасының жюри мүшесі болып тағайындалды. Бұдан өзге қайырымдылықпен айналысады.

7. FM тобы

Жылдық табысы: $780 000
Продюсер: Гульвира Илахунова-Яри
Тәжірибесі: 10 жыл
Дискография: 8 бейнебаян, 1 альбом
Аталған топ 2013 жылы 10 жылдық мерейтойын өткізеді. «Қазақ» атты бейнебаянды түсірген атақты қыздар тобы ІІ Еуразиялық ЕМА марапатына ие болды. Түрлі шоуларға ат салысып, қайырымдылықпен айналысады. Айына орта есеппен 5-6 концерт өткізеді.


8. Алуа Қонарова, продюсер 

Жылдық табысы: $1,276 миллион
Жасы: 41
Жобалары: Rin’Go, Ayumi, Juniors
Тәжірибесі: 14 жыл
2013 жылы Алуа Қонарова Juniors атты жаңа жобасын таныстырды. Ал осыған дейін көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөлене білген Rin’Go (жылдық табыстары 576 000) тобы Turkvisyon-2013 сайысының финалына жолдама алды. Топ «Сағыныш» атты бейнебаян түсіріп, Қазақстанда, Пекинде және Анкарада 20 концерт қойып үлгерген. Бұдан өзге CCTV арнасындағы «Қытайдағы Жаңа жылы» атты бағдарламаға қатысқан. Конарова «Жаңа жыл» теле жобасының музыкалық продюсері болып тағайындалды.

9. Айқын, әнші

Жылдық табыс: $495 000 
Жасы: 31
Продюсер: Эрик Тастембеков
Тәжірибесі: 10 жыл
Дискография: 1 альбом
Айқын 2013 жылы AL NASR-мен бірігіп «Асылым» өлеңіне бейнебаян түсірді. Алматы қаласында мамыр айында жеке концертін өткізді. Маусым айында 60 қаланы аралаған ActivFest турына қатысты. Қатысушылар бір қалаға барғандары үшін 700-1000 долларға дейін алды. Мұнымен қатар, fomo.kz компаниясының таныстырушысы болып, жюрилер құрамына кірді.

10. «Жігіттер» тобы

Жылдық табыс: $400 000
Продюсер: жоқ
Тәжірибе: 10 жыл
Дискография: 4 альбом
Қазақстандық шоу бизнесте аты әйгілі «Жігіттер» тобы қараша айында Республика Сарайы лық толған концерт өткізді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, билеттерден 20 000 000 теңге табыс түскен.


11. Луина, әнші

Жылдық табыс: $440 000
Жас: 28
Продюсер: Жомарт Сүлейменов
Тәжірибе: 2 жыл
Дискография: 6 бейнебаян
Жарнамалармен келісім-шарт: Beeline, LG
2013жылы X Factor жобасының қатысушысы болды. II ЕМА сайысының ең үздік әнші жүлдесіне ие болды. Бір жылда 3 дуэт жазды.

12. Әли Оқапов, әнші

Жылдық табыс: $288 000
Жас: 22
Продюсер: Ерлан Алимов
Тәжірибе: 5 жыл
2013 жылы Әли 3 дуэт орындап, «Вузеры», «Охота за призраком» фильмдеріне саундтрек жазды. «Алға» бейнебаянының арқасында «Жылдың үздік бейнебаяны» атты жүлдеге ие болды. ІІ ЕМА сайысы бойынша «Жылдың ең үздік әншісі» жүлдесін жеңіп алды.

13. Асель Сағатова, актриса 

Жылдық табысы: $193 00 
Жасы: 28
Тәжірибесі: 14 жыл
Фильмография: 12 фильм
Жарнамалық келісім-шарттары: Avon, бренд ID Net («Қазақтелеком»), Kira Plastinina
2013 жылы Әсел Сағатованың қатысуымен «Назарбаев. Live», «Ат жүрісі», «Бауыржан Момышұлы» атты үш фильм жарыққа шықты. «Қайырлы кеш, Қазақстан» бағдарламасын жүргізді.

14. «Орда» тобы

Жылдық табыс: $240 000
Продюсер: Ерболат Бедельхан ( «Орда Brothers» продюсерлік орталығы)
Тәжірибе: 13 жыл
Дискография: 1 альбом
Қазақстанда топтың қатысуымен «Запрещенные танцы» фильмі көретілді. Бұдан өзге екінші альбомдарын шығарды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: sezon.kz, вк желісі

Қ. Бүйенбай