Алматыда Тұңғыш Президент күні өтетін іс-шаралар

Алматыда Тұңғыш Президент күні өтетін іс-шаралар

1 желтоқсан таңертеңгі сағат 11:00-де Алматы технологиялық университетінің базасында «Болашағымыз – бірлікте!» атты белсенді жастардың форумы өтеді. Шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының кәсіподақ федерациясы. Форумның мақсаты саясатқа қабілеті бар жастарды ортақ мәселелерді шешуге жұмылдыру. 550 адам ат салысатын форумға Олимпиада чемпиондары, әлемдік деңгейдегі спорт шеберлері, даңқты боксшы Ермахан Ибрагимов, ауыр атлетика чемпионы Светлана Подобедова, өзге де спорт және мәдениет қайраткерлері, кино жұлдыздары қатысады.

2013 жылдың 1 желтоқсанында Медеу ауданының әкімшілігінің қолдауымен сағат 16:00-де Фурманов көшесінде орналасқан «Рамстор» ойын-сауық сауда орталығының алдында бал билерінен жарыс өтеді. Бұл шара салауатты өмір салтын қолдайтын барша қала тұрғындарына арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара тұңғыш Президент күніне арнайы ұйымдастырылып отыр. Аталған мерекеде «Қиял» мектебінің мәнерлеп сырғанаушылары тәжірибелерімен бөлісіп, балаларды тегін сырғанатады деп жоспарлануда.

Бұдан өзге кешкі сағат 19.00-де Тәуелсіздік алаңындағы "Алмалы" ойын-сауық орталығының аймағында шырша жағылады. Тұңғыш Президент күніне тура келетін салтанатты мерекеге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: hameleons.com

Қ. Бүйенбай