Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Шырша жағуға келіңіз!

Шырша жағуға келіңіз!

Шырша жағуға келіңіз!

Бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан "Шырша жағу мерекесі" биыл да желтоқсан айының бірінші жұлдызына жоспарланып отыр. Іс-шара 2012 жылы Абай алаңында өткізілсе, биыл 19.00-де Тәуелсіздік алаңындағы "Алмалы" ойын-сауық орталығының аймағында ұйымдастырылатын болады.

Тұңғыш Президент күніне тура келетін салтанатты мерекеге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысады.

Биіктігі 18 метрді құрайтын шырша ойын-сауық орталығының қақ ортасындағы әйнекті күмбездің алдына орнатылады. Күмбездің жанынан арнайы тапсырыспен жасатылған еуропалық стильдегі 16 жаңа жылдық үйшіктерді көре аласыздар. Ал шыршаны үш мыңнан астам ойыншық безендіретін болады.

Сондай-ақ, "Алмалы" ғимаратының аймағында жаңа жылдық жәрмеңке ашылады, сіздер бұл жерден ойыншықтар мен естелік заттарды сатып аласыздар.

Мерекенің ең қызықты сәті шырша жағылғаннан кейінгі уақытқа жоспарланған. Жиналған қауым шыршаны салтанатты түрде жағып болысымен, Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған 3D-mapping шоуды тамашалай алады. Оның ұйымдастырушылары – Венгриядан шақырылған шеберлер. Олар Мәскеуде, Токиода өткен 3D-mapping шоуға байланысты байқаулардың жеңімпаздары екен. Кеш соңында X-factor жобасының қатысушылары концерт қоятын болады.

Айта кетейік, осы сәтте Алматы қаласында тағы да жеті шырша жағылады.

Биылғы жылдың тағы да бір жаңалығы – қазақстандық балаларға Санта-Клаусқа хат жіберу мүмкіндігі беріліп отыр. Алматы қаласындағы пошта бөлімі 20 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жұмыс істейтін болады. Ол үшін бала Сантаға сәлем беріп, өзі туралы қысқаша айтуы керек, содан кейін жылдың қалай өткендігі туралы баяндап, сыйлық сұрауға болады.

Ал Сантаның Леви шипажайындағы Жаңа жыл мерекесіне қатысуға ниет білдіретін балалар Алматыдан шығатын рейстер арқылы бара алады. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: yvision.kz,vesti.kz

5175 11
Рейтинг: +6

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қараша 2013, 10:48
Пікірлер
+0
25 қараша 2013, 10:41

3D шоуы үшін барамын :)

+0
25 қараша 2013, 10:43

тура менің туған күнімде болады екен :P бара алмайын деп тұрмын) бірақ бәріне, бәріне кеңес берер едім, өтеее қызықты болады, былтыр жақсылап көңіл көтеріп қайтқанбыз :)

+0
25 қараша 2013, 10:45

Жақында ғана бауырым "Әпше, Аяз ата шынымен бар ма, сіз сенесіз бе?" деп сұраған еді. Осы тұста хат жазу деген күшті болып тұр ғой...

+0
25 қараша 2013, 10:47

Хаттар қайда барады екен, бұл қызық болып тұр...

+0
25 қараша 2013, 11:20

барамыз ғой деймін)

+0
25 қараша 2013, 11:46

бару керек! :idea: Күн суытып кете ме екен... :cry:

+0
25 қараша 2013, 12:02

Окиништи :? Бара алмайтынымыз белгили натижесин калай откенин массагеттен билемиз баска амал жок.

+0
25 қараша 2013, 13:02

уже жаңа жыл келе жатыр...

+0
26 қараша 2013, 11:24

сағат қаншада жағады сонда?

+0
30 қараша 2013, 15:59

алматы кайда біз кайда :)

+0
01 желтоқсан 2013, 11:14

Кереметі керемет қой, алайда Жаңа жылды тойлауымызға себепші болған "ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН" алдымен неге атап өтпеске, Жаңа жылға бір ай бұрын дайындаламыз да, Тәуелсіздік күнін 16-желтоқсанда ғана есімізге алу әділетсіздік қой(((((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...