Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қызықты өмір қаһармандары

Қызықты өмір қаһармандары

Қызықты өмір қаһармандары

Студенттік кезең - өмірдің ең бір қызықты, мәңгілік ұмтылмастай керемет шағы. Саусақпен санарлық жылдарда күрең күздің жаңбыры да, қытымыр қыстың қақаған аязы да, жаймашуақ жаздың аптап ыстығы да, көгілдір көктемнің батпақтары да білінбестен тез өте шығады. Көретінің де, білетінің де көп...

Студенттер күні қарсаңында осы бір қызықты шақтың тәтті күндері мен қайталанбас сәттерінен үзінділерді беруді мақсат етіп қойдық. Осы арқылы болашағыңызды құрыңыз немесе өткен күндерді сағынышпен еске алсаңыз деген тілегіміз бар.

Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген жас жеткішектер студент қатарына салтанатты түрде қабылданып, студенттік билетті қолға алғаннан кейін «студенттік кезең» атты жаңа кітаптың ақ парақтарын безендіретін болады.

Сонан кейін сағаттаған дәрістер... Студентке жетпейтін үш нәрсе бар: ақша, уақыт, ұйқы. Дәрісте кейде ояусың, кейде ұйқыда.

Бітпейтін семинарлар. Көшіру, кітаптан қарау, әйтеуір бестік алудың қулық-сұмдығының бәрін меңгеріп шығасың. Дайындықсыз келген күні қоңырауды тағатсыздана күтетін кездер-ай.

Кітапхана. Студент – ізденуші. Ал кітапхана – оның екінші үйі болу керек.

Алғашқы апталардан-ақ үй жұмыстары басталып кетеді және қолыңа диплом тигенше осылай...

Жатақханадағы қызығы мен шыжығы мол өмір. Таңертең оятардың дауысынан кейін қимай қоштасатын төсегіңіз есіңізде ме? Ал бірде дәмді, бірде жеуге жарамайтын тағамдар ше? Арамызда небір аспаздар да болады. Жігіттердің ең алғаш қуыратын жұмыртқаларынан ауыз тидіңіз бе? Ауылдан келетін сәлемдемелер келген күні мереке, той жасайтын студенттер шынында да бақытты!


Ал кейде майонез бен "Роллтон"...

Қыстың суық күндері студенттердің көңіл-күйін түсірген емес.

Етіктен су өткен күндер-ай...

Әрбір жыл сайын өтетін "Алтын күз". Әсіресе, бірінші курс студенттері үшін маңызды. Осы кеште жаңа адамдармен танысып, өнерпаздар, "Күз" ханшайымы мен "Күз патшасы" анықталатын.

Өнерлілердің "Студенттік көктемі". Көктеміңіз қалай өтуші еді?

Түрлі мәдени іс-шаралар. Әрбір мереке, әрбір атаулы күн ескерусіз қалмайтын. Жұлдыздармен кездесу, телебағдарламалардың түсірілімдеріне қатысу, кастингтерде бақ сынау – бәрі де студент өмірінің бір бөлшегі.

Сенбіліктер. Қолға сыпырғы мен күрек ұстатқанда қашып кететіндердің қатарында болдыңыз ба?

Жаңа Жыл кештері. Әр оқу орнының Жаңа жыл кеші жаңа оқиғаларға жол ашатын. Оның безендіру жұмыстарының өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Наурыз. Бұл мереке – қазақтың ұлттық киімдерінің жаңғырумен есте қалады. Наурыз көже ішіліп, бауырсақтар таратылатын думанды мереке.

Достардың туған күн кештері.

Студенттік өмірге мән де, сән де беретін осы туған күн деп айтуға болады. Артыңа қарасаң қанша туған күнге барғаныңды санай да алмайтын секілдісің.

Үйлену тойлар. Студент шағында отбасын көтеріп, қуанышын достарымен бөлісетін жастардың барлығы да бақытты болса екен...

"Алтын белес". Қызықты өмірдің бел ортасында өткізілетін көңілді кештің өз атмосферасы, өз тамашасы бар.

Студент түрлі флеш-мобтардың бел ортасында жүреді.

Би кештері...

Футбол! Студент жігіттердің ең негізгі хоббиі – осы футбол.

Студенттер балы..

Ғашықтық сезімдер...

Түрлі қайырымдылық шаралары. Тәубеге келіп қайтқан күндер қаншама?

Әрбір көктемдегі тауға серуен. Жыл сайын қайталанса да ешкім бас тартпайды.

Құрбылардың көңілді отырыстары, сырласу кештері.

Мәңгілік достар... Студенттік өмірдің қиындықтарында жаныңа сүйеу бола білген адамдар сенің мәңгілік жолдасыңа айналып шыға келеді.

Бастысы – осы кезеңде ақыл тоқтатып, нақты мақсаттар қойып, оған жету үшін алғашқы қадамдарды жасайсың. Қуанасың, шаттанасың, сүрінесің, жеңіске жетесің. Бәрібір де осы өмірді сүйесің. Себебі, сен – қызықты өмірдің басты қаһарманысың!

Мерекең құтты болсын, студент!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: mail.ru, vk.com, facebook.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 17 қараша 2013, 11:02
Пікірлер
+0
17 қараша 2013, 13:44

Рахмет, Айгерім!

+0
17 қараша 2013, 13:49

Мына суреттегілердің барлығы да студенттік шақты керемет сезініп жүр. қызғанып отырмын. Әсіресе Шерхан мен Өмірбекті қызғанам :)))

+0
17 қараша 2013, 14:22

Соңынан санағанда екінші суретте қыздардың қолы тіп әппақ па, әлде басқаларының қолы тым қара ма? :)

+0
17 қараша 2013, 14:27

11-суретте Шерхан нағыз үндіс жігітіне ұқсап қалыпты :lol:

+0
17 қараша 2013, 16:06

Таныс бейнелер, таныс кездер, таныс сезімдер... Студенттік кезім-ай, бітейін бітейін деп қалған :)

+0
17 қараша 2013, 20:56

Күшті, Студенттік кездің бәрін қамтуға тырысқан. Таныс адамдар көзге жылы ұшырап кетеді екен)

+0
18 қараша 2013, 11:02

Әсіресе өзім деп қойшиш) :lol:

+0
18 қараша 2013, 12:36

түүууу сағындым қатты студенттік жылдарды..(((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.