Қазақстандағы қауіпті мамандықтар

Қазақстандағы қауіпті мамандықтар

«Коmpetenz» ақпараттық-сараптамалық орталығы елімізде қайғылы оқиға көбірек орын алып жүрген қауіпті мамандықтардың тізімін жариялады.

Ақпараттық-сараптамалық орталықтың мәліметі бойынша тау бұрғылау кәсібі мен металлургия саласында қызмет атқаратын, жер асты қойнауындағы байлықты меңгеретін жұмысшылар өміріне қауіп көп екен. Осы салада қызмет атқаратын мамандардың кәсібі еліміздегі қауіпті мамандықтардың (59 % ) көшін бастап тұр.

Екінші орынға құрылыс жұмыстарымен айналысатын мамандар кәсібі (10 %) жайғасқан. Олардың көбі биіктен абайсызда құлау мен жұмыста техника қауіпсіздігін сақтамау салдарынан орын алады екен.

Үшінші орында мұнай-газ өндіретін салада қызмет атқаратын мамандар кәсібі (9%) орналасқан. Әсіресе, мұнай бұрғылау мамандығы бойынша жұмыс жасайтын жұмысшылар өмірінде қайғылы жағдайлар көптеп кездесетін көрінеді. Жоғары қуатты электр тогын жөндеу саласында қызмет атқаратын мамандар кәсібі (8 %) – төртінші орында болса, одан кейінгі орынға жүргізушілер (7 %) орналасқан. Сонымен қатар күзет саласында (4,5 %) қызмет атқаратындар өміріне де қауіп көбірек екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ntv.ru

Ө. Сансызбай