Алматыда қар жауады

Алматыда қар жауады

"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, осы аптада Қазақстанның көптеген аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ, ауа райын болжаушылар апта басында Ақтөбе, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауатын болады дегенді хабарлап отыр. Ал Алматы және облыс аймағының тұрғындары қарды демалыс күндері күтсе болады.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында секундына 20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Атырау облысында да осындай жел болып, тұман басады деген болжам бар.

Алматы қаласында бүгін ауа температурасы +22, +24 градусты көрсетіп, күн жылы болғандығымен, таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы – +16, +13 градус.

Елордамыз Астана қаласында күн ашық, +5, +6 градус, ал таңертең қар жауып күндіз -1, түнде -9 градус суықты көрсетеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: totamtotut.ru