23 қазанда өтетін "Жұлдызды әуендер" кешіне шақырамыз!

23 қазанда өтетін "Жұлдызды әуендер" кешіне шақырамыз!

«СТВ» телеарнасы алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Жұлдызды әуендер» атты қазақ әншілерінің шығармашылығын насихаттаған ән кешіне шақырады.

Бұл шараның басты ерекшелігі дәстүрлі әндердің насихатталуына сүбелі үлес қосып жүрген өнер майталмандары мен жас әншілердің бір сахнада өнер көрсетуінде. Үздік әндер орындалатын концертте Бағдат Сәмединова, Гүлбаршын Тергеубекова, Ақбота Керімбекова, Өмірқұл Айниязов, Ұлту Қабаева, Әли Оқапов, Нұрлан Әлімжан, Бейбітгүл Нұрымхожина, Гүлхан мен Дәулет, Әділ мен Дана, Адам, «Серілер», «Достар», «Денар», «Сарын» топтары мен өзге де әншілер өлең айтады. Кештің арнайы қонағы Қырғыз елінің этноэстрада әншісі – Гүлзада. Кеш жүргізушілері әнші - актер Нұрлан Әлімжан мен Бейбітгүл Нұрымхожина.

1

Бағдат Сәмединова:

«Елімізде қазақ әншілерін қолдайтын және олардың өнерін насихаттайтын телеарналар аса көп емес.  Солардың бірі - «СТВ» арнасы. Бұл арна сахнаның сәніне айналған өнер тарландарымен қатар, өнерге жаңа қадам басып жатқан жас орындаушылардың басын қосып, «Жұлдызды әуендер» атты кешін ұйымдастырып отыр. Кеш көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамын. Ән кешінде жолығайық, өнерсүйер қауым!»

2

Нұрлан Әлімжан:

"СТВ" арнасының тарихында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан «Жұлдызды әуендер» ән кешіне дайындық қызу қарқында жүріп жатыр. Кеш ұйымдастырушылары сапа жағына аса мән бергендіктен, біз де бұл кешке үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Себебі, біз халыққа сапалы дүниелерді ұсынғымыз келеді. Кешке келетін қалың көпшілік рухани ләззат алады деген ниеттемін. Баршаңызды «Жұлдызды әуендер» ән кешіне шақырамын!"

Алғашқы жоба болғандықтан да, дайындық өте белсенді жүріп жатыр. Кеш ұйымдастырушылары сахна жарығы мен әншілердің орындаушылық шеберлігіне аса мән беруде. Сондықтан да, Студенттер сарайындағы барлық техникалық жұмыстар ерекше қадағалаумен жасалуда.

Билеттерді Республика сарайы, Студенттер сарайы, ЦУМ кассаларында, Kassir.KZ сайтында және «Меломан» сауда желісі дүкендерінен алуға болады.

Ақпараттық қодау көрсетіп отырған: «СТВ» арнасы, «Алаш айнасы» газеті, «Massaget.Kz» танымдық, ойын-сауық порталы, «Tengrinews.kz» ақпараттық сайты, «Tengri FM» радиосы

Өтетін күні: 23 қазан

Уақыты: 16:00 және 19:00

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы

Байланыс телефондары: 292-98-37, 292-24-74

Қ. Бүйенбай