Алматыда Шығыс Қазақстан облысы күндері өтеді

Алматыда Шығыс Қазақстан облысы күндері өтеді

12-13 қазан күндері Алматыда Шығыс Қазақстан облысы күндері өтеді. Шара барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оңтүстік астананың зиялы қауым өкілдерімен кездеспекші.

Кездесу ҚР Ұлттық кітапханасында сағат 15:00-де басталады. Кездесу қонақтары: Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ақын-жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Марфуға Айтқожина, Шәрбану Бейсенова, Ұлықбек Есдәулет, Дидахмет Әшімхан және тағы да басқа қаламгерлер болмақ.

Кездесу алдында Шығыс Қазақстан облысында туған ақын-жазушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өлеңдер оқылады деп жоспарлануда.

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: baq.kz

Ш. Талап