Алматы күні: Велошеруге 4000-нан астам қатысушы шықты

Алматы күні: Велошеруге 4000-нан астам қатысушы шықты

Алматыда қала күніне орай ұйымдастырылған велошеруге  4000-нан астам қатысушы шықты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Әл – Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысынан басталған велошеру ҚР Тұңғыш Президенті саябағының алдында мәресіне жетті. Велошеруге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те қатысты.

- «Осыған дейін ұйымдастырылған велошерулерге қарағанда бүгінгі қатысушылардың саны көп екенін байқап тұрмын.  Бұл дегеніміз, Алматы қаласы тұрғындарының салауатты өмір салты мен велоспортқа деген қызығушылығының артуының  көрінісі болса керек. Ең бастысы, сүйікті қаламызға деген құрметімізді көрсете білдік» - деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

Велошеру ҚР Тұңғыш Президенті саябағының алдында мәресіне жеткеннен кейін, қала әкімі Ахметжан Есімов велоспорттан әлем чемпионы Марат Сатыбалдиевке, Қазанда өткен Универсиадада топ жарған Жания Айдархановаға, және регбиден Азия чемпионы атанған Қазақстан әйелдер құрамасына ескерткіш сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар велошеруде ерекше көзге түскен қатысушылар да сыйлықтан құр алақан қалмады.

Өз кезегінде Қазақстан спорт және дене шынықтыру басқармасының орынбасары Елсияр Қанағатов халықаралық велоспорт федерациясының президенті Пэт Маккуйдтың, «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибалидың, және Олимпиада чемпионы Александр Винакуровтың құттықтау хаттарын оқып берді. Велошеру соңы әуеге шар ұшыру, және концерттік бағдарламамен аяқталды.

Жанкүйер қолдауы

Велошеруге ерекше үлгіде дайындалып келген қатысушылары

Ең ерекше велосипед көпшілікті таңдандырды

ҚазҰУ ректоры мен студенттері де велошеруге белсене қатысты

"Fuse-tea" тегін таратылды

Шерияздан Нұртас, велошеруге қатысушы

Бүгінгі велошеруден қандай әсер алдыңыз?

-  Бүгінгі велошеруге қатысушылардың саны көп болды. Алғаш рет мұндай дәрежедегі аламанға қатысып отырғаннан кейін, алған әсерімді толық айтып жеткізе алмайтындаймын. Велошеруге жалғыз өзім емес, достарымды да ерте келдім. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жол бойындағы жанкүйерлердің қолдауы да жаныңа қуаныш сылайды екен. Осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса екен.

Қала күніне орай Алматы тұрғындарына қандай тілек айтар едіңіз?

- Алматы тұрғындарын қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ару қаламыз күннен-күнге құлпырып келеді. Гүлдене берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!


Суреттерді түсірген және дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Бірінші сурет: today.kz

Ө. Сансызбай